АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін

АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін.

АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін.
ЖОСПАРЫ:
1.1. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс.
1.2. Демократтардың өкімет басына келуі.
2.1. Ф.Рузвельт «Жаңа бағыты» және саясаттағы бетбүрыс.
2.2. Ф.Рузвельт өкіметінің сыртқы саясаты және АҚШ екінші дүниежүзілік
соғыс жылдарында.

________________________________________
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: XX ғасырдың 30-жылдарының соңында АҚШ-та өндіріспен капитал миллион доллардан астам өнім шығаратын ірі кәсіпорындарында өндіріспен капитал шоғырланды. Ол американ кәсіпорынының жалпы көлемінің 5,2 %-тін құрады. Онда кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың 55%-ті жинақталған. Ол өнеркәсіп өнімінің 67,5%-тін өндіреді. Американ корпорациясының жалпы санының 1000-нан астамын құрайтын алып концерндер барлық активтердің жартысын иемденді. ХХғ. 30-жылдардың соңында жекеменшік иелерінің 1%-ті елдегі ұлттық байлықтың 59%-не ие болды. Елдің басым көпшілігі ұлттық байлықтың 8%-не ие. Франклин Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты алдыңғы кезеңдегі үкіметтің саясатынан гөрі бұрмалаңқы саясат болды. Америка үкіметі Латын Америкасы елдерімен «Тату көршілік» саясат ұстанды. 30-жылдардың басында АҚШ дүниежүзілік рынокта үлкен бәсекелестікке түсті. Оның бәсекелестері Германия, Жапония, Италия болды. Осы бәсекелестік олардың арасында қайшылықтардың шиеленісуіне әкеп соқты. 1929-1933 жылдары өндірілген товарларды сату мен өткізу саласында дағдарыс туды. Ол дағдарыс Американың Нью-Йорк биржасында басталып, Европаның барлық капиталистік мемлекеттерін қамтыды.
Американ қоғамында терең реформалар жүргізу дағдарыстан шығудың жолы болды да ол 1933-1941 жылдары президент Франклин Д.Рузверьттің саясатымен тұстас келді. Бұл саясат тарихқа «Жаңа бағыт» деген атпен енді. АҚШ-та 20-жылдары экономикалық қарқын өте жоғары болды да 1929-1933 жылдардағы орыналған экономикалық дағдарыс соншалықты терең болды. Өнеркәсіп өндірісі ғасырдың басындағы деңгейіне түсті, 100 мыңдаған фермерлер күйреді. Жұмыссыздық өсті. Америка тағдырында алғаш рет жұмыссыздар саны 12,5 миллион адамға жетті. 1929-1933 жылдары орын алған дағдарыс американдықтардың тағдырында ұлттық трагедияның символы ретінде қалды. Бұл дағдарыс американдықтардың 20-жылдары гүлденген американың еш уақытта күйрейтінін білмеген американдықтарға өте ауыр тиді. Оның үстіне АҚШ-та әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жүзеге аспаған болатын. Американдықтар әр адам өзіне ғана сенуі керек деп есептейтін. Дағдарыс кезінде олар Бұл көзқарастан ауытқыды. Олар мемлекеттен көмек сұрады. Мемлекеттің экономикаға араласуы өмір сүрудің жалғыз құралы деп есептелінді. І-дүниежүзілік соғыс ардагерлері, жұмыссыздарға мемлекеттің қолдау көрсетуін талап етті. Фермерлер өз өнімдерінің бағасының құлдырауының шегін қоюды қалады. Дағдарыс республикаидықтардың президенті Герберт К. Губер тұсына сай келді. Ол 1928 жылы президенттікке сайланып, 4 март 1929 жылы дағдарыс басталған соң Ақ үйді тастап кетті. Оның қарсыласы демократиялық партия өкімет басына келуге мүмкіндік алды. Демократтар 1930 жылы американ конгрессінде көпшілік орын алды. Демократтар 1932 жылы президенттік қызметті жеңіп алуға ұмтылып, Франклин Д.Рузвельтке үміт артты.
Франклин Делано Рузвельт Гудзон өзені даласында атақты Рузвельттер жан ұясында 1881 жылы дүниеге келген. Оның арғы атасы Ван Рузвельт Америкаға ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген. Қазіргі Нью-Иорк ол кезде голландылық болып, Жаңа Амстердам болып аталған. Кейін оны ағылшындар басып алып, қаланың атын өзгерткен. Рузвельт ағылшын мәнерінде Рузвельт болып аталған. Оның екі немересі американ тарихында президент болды: Біріншісі президент Теодор Рузвельт. Ол 1901-1909 жылдары аралығында президенттік атқарған. Екіншісі-Франклин Делано Рузвельт. Оның әкесі бизнесмен болған. Оның әкесі, Рузвельттер Нью-Иорктағы атақты жан ұяларға жатады. Франклин Рузвельт әке-шешесінің жалғыз ұлы болған. Франклин үйде жақсы білім алған. Ол француз, неміс тілдерін жетік білген. Делано 3 жасқа келгеннен бастап үнемі әке-шешесімен бірге Европаға саяхат шегіп отырған. Франклин Д.Рузвельт жеке меншік мектепте білім алып, даңқты Гарвард университетін бітірген. Сонан кейін Колумбия университетінің құқық мектебін бітіреді. Франклин Д.Рузвельт жас кезінен бастап саясатқа қызығады. Ол 1913 жылы демократиялык партиядан Нью-Йорк штатының сенатына сайланады. 1913 жылы президент В.Вильсон оны теңіз министрінің орынбасары етіп тағайындайды. Осы қызмет үлкен саясатқа жол ашады.
1921 жылы Франклин Д.Рузвельт мүхитқа шомылып, суықтайды және полиомиелит ауыруымен ауырады. Балдақсыз жүре алмайтын қалге келеді. Аурудың алғашқы ауырлығын жеңіп, саясатқа қайта оралады. Ол өзімшіл, өте рухы жоғары, қайсар адам болған. 1928 жылы оны өзінің штаты Нью-Йорктің губернаторы етіп сайлайды. Осы штатта революцияға тең мемлекет көмегіне қажеттілерге көмек көрсететін бағдарламаны жүзеге асырады. Осы саясат қайыршыланғандардың қолдауын көрсетеді. 1932 жылы президенттік сайлауда республикандық партия оңбай жеңіледі. Франклин Д.Рузвельт конгресстің екі палатасында да басым орынға қолдауына жетеді. Сайланған президент өзінің қызметіне 4 март 1933 жылы кірісті. Сайлау жүргеннен бастап, дағдарыс кеңейіп, американ банктері банкроттыкқа ұшырады. Американдықтар өз жинақтарын сақтап қалу үшін банктер жанына шоғырланды. Франклин Д.Рузвельт қызметіне кіріскен кезде Нью-Йорк және Чикаго сияқты финанс орталықтарында банктерде қаржылар болмады. Ел толық жансыздану алдында тұрды. Франклин Д.Рузвельт дағдарыстан елді сауықтандыруды финанс жүйесінен бастады. Президент банк жүйесін құтқару үшін күтпеген шаралар қолданды. Бір банктерді жапты, бірін-біріне қосты. Франклин Д.Рузвельт әкімшілігі «Жүз күн» деп аталатын реформаларды жүзеге асырды. Көптеген жұмыссыздар әртүрлі қоғамдық жұмыстарға тартылды. Франклин Д.Рузвельт өзінің батылдылығымен, болашаққа сенімділігімен адамдарды өзіне тартты. Оның басшылығымен «Жаңа бағыт» атымен белгілі реформалар кешені әзірленді. Белгілі бір мағынада «жаңа бағыт» АҚШ-та Батыс Европалық елдерде жүргізілген реформаларға ұқсас реформалар жүргізуді көздеді. Сонымен қоса ол 1880 жылы темір жол тарифтерін бақылаудан және Г. Рузвельт пен В.Вильсонның реформаларынан басталатын реттелетін экономиканың ұзақ жолының аякталуы болды.
«Жаңа бағыттағы» шын мәніндегі жаңашылдық-АҚШ-та өз міндеттерін орындаған реформалардың жылдамдығы болды. Бірақ көптеген реформалар асығыс дайындалып, қарқынсыз жүргізілді, ал кейбіреулері тіпті бір-біреуіне қайшы келді. Шешім қабылдау мен оны өмірге енгізудегі бар жылдамдығына қарамастан, «жаңа бағыт» еркін талқылау мен сынға ашық боп қала берді. Ол американдықтардың өз мемлекеттерінің әрекеттеріне деген қызығушылығын қайта оятты.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *