Физика — Динамика

Физика — Динамика Динамика тақырыбына арналған тест тапсырмалары.
Тест .Динамика
1. 10 Н қорытқы күш әсер ететін дене 5 м\с² үдеумен қозғалады . Дененің массасы неге тең
А) 5 кг В) 2 кг С) 1 кг Д) 10 кг Е) 20 кг
2. Лифт 1м\с² үдеумен жоғары көтерілуде. Лифтің ішіндегі массасы 2 кг дененің салмағы қандай болады ?
А) 0 В) 22 Н С) 10 Н Д) 19 Н Е) 1 Н
3. Қай физикалық шама дененің инертлігін көрсетеді?
А) үдеу В) жол С) масса Д) күш Е) жылдамдық
4. Егер теміржол вагонының буфер серіппесін 1см қысуға 30кН күш керек болса , оны 5 см қысу үшін қандай күш керек?
А) 15 кН В)150 кН С) 100 кН Д) 150 кН Е) 100 Н
5. Жолаушы сәл салмақсыз сезіну үшін, автомобиль радиусы 10м дөңес көпірдің ортасынан қандай жылдамдықпен өту керек ?
А) 10 м\с В) 20 м\с С) 4 м\с Д) 5 м\с Е) 25 м\с
6. Бастапқыда тыныштықта тұрған массасы 2 кг денеге 6 Н күш 3 с бойынша әсер етсе , дене қанша жол жүреді ?
А) 9 м В) 14.5 м С) 18 м Д) 13.5 м Е) 27 м
7. 60 Н күш денеге 0.8 м\с² үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м\с² үдеу бере алады?
А) 100 Н В) 250 Н С) 350 Н Д) 150 Н Е) 200 Н
8. Дене салмақсыздық жағдайда . Дене қандай күштің әсерінен қозғалады?
А) тек ауырлық күшінің В) тек серпімділік күшінің С) серпімділік пен ауырлық күшінің
Д) қалыпты қысым мен ауырлық күшінің Е) центрге тартқыш күшінің
9. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатандығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бір қалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0.3 -ке тең . Серіппенің ұзаруың табыңдар.
А) 8 см В) 6 см С) 5 см Д)10 см Е) 7 см
10. Суда жүзіп жүрген адам дем алған кезде, оған әсер ететін Архимед күші қалай өзгереді ?
А) кемиді В) артады С) өзгермейді Д) тұщы суда артады,тұзды суда кемиді Е) тұщы суда кемиді,тұзды суда артады
11 Бүкіл әлемдік тартылыс күші үшін қолдануға болатын жағдай 1.бір біріне жанасып тұрған екі болат шарларды қарастырғанда 2.стол үстінде жатқан кітап пен столды қарастырғанда 3. ыдыс ішіндегі су мен ыдысты қарастырғанда 4.бірінің үстінде бірі жатқан кірпіштерді қарастырғанда
А) тек 3- і жағдайда В) тек 1- і жағдайда С) тек 2- і жағдайда Д) тек 4- і жағдайда Е) барлық жағдайда
12 массасы 70 кг адам лифтідегі серіппелі таразыда тұр. Лифт 1 м\с² үдеумен төмен қарай қозғалғандағы адамның салмағы : А) 700Н В) 71 Н С) 770 Н Д) 69 Н Е) 630 Н

15 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *