2015 жылғы білім беру гранттарының байқауы

Сізге тек нәтижелер керек болса, оларды осында қараңыз.

Осы мақалада 2015 жылғы білім беру гранттары туралы негізгі ақпарат берілетін болады. Төменде –  тек тағайындау жайлы ақпарат. Белгіленген мамандықтарға білім беру гранттары Қазақстан Республикасының мамандық қажеттіліктері бойынша бөлінеді. Сондай-ақ, гранттар Қазақстанда тегін білім алу грантына тағайындау жайлы куәлікте белгіленген оқыту түріне, тілдік бөліміне байланысты беріледі.

Тапсыру күні мен мерзімі

Білім беру гранттарын тағайындау туралы өтінішті 23- 31 шілде аралығында тапсыруға болатын еді. 1 тамыздан бастап 10-ына дейін  ҚР білім беру гранттарын тағайындауға комиссия ат салысады.

ТКТ пен ҰБТ өту баллы

Гранттық байқауға қатысу үшін ең төменгі өту баллы- кем дегенде 50 балл. Яғни, 2015 жылы өту баллы 50 баллды, «Жалпы медицина» мамандығына кем дегенде 65 баллды құрайды. Ұлттық жоғару оқу орындары үшін 70 балл және одан жоғары жинау керек. Осы жылы «Білім беру», «Ауыл-шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» сияқты  мамандықтар орынды және оларда тегін білім алу үшін, кем дегенде 60 балл,ал профильді пәннен 7 балл жинау керек. Басқа пәндерден 4 балл жинау қажет.

Гранттық байқауға қалай қатысуға болады?

Конкурсқа қатысу үшін , сіз қалаған оқу орнына арнайы өтініш тапсыруыңыз тиіс. Ол үшін қажет :

  1. Белгілі өтініш формасы;
  2. Білімі туралы құжат;
  3. ҰБТ немесе ТКТ куәлігі;
  4. Екі фотосурет 3х4;
  5. 086-У мед. сараптама;
  6. Жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі.

Осы құжаттарды жинап, таңдаған жоғары оқу орнына барасыз, онда арнайы қабылдау комиссиясы бар. Онда сізге белгілі өтініш формасы мен басқа қажетті ақпартатты береді.

Қанша мамандық пен ЖОО таңдауға болады, қайда түсуге болады?

Сіз тек 4 мамандық пен қалаған 4 ЖОО-н таңдай аласыз (тек таңдау пәніңіз сай келсе, шығармашылық мамандық — айрықшалық).
Талапкер щығармашылық мамандықты таңдаса, онда ол тек бір ЖОО-н (шығармашылық емтихан тапсыратын) жаза алады.

Гранттық байқауда артықшылықтар

Гранттық байқауда артықшылыққа ие:
Құрметті «Алтын белгі» игерлері;
Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарының иегерлері;
Халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстарының жеңімаздары, сондай-ақ, байқауда грант алу артықшылығы бар тұлғалардың тізіміне енгізілген басқа азаматтар. Толық тізімді жүктеңіз.

ҰБТ немесе ТКТ сертификатының баллдары сәйкес болса, не болады?

ҰБТ немесе ТКТ сертификатының баллдары сәйкес болса, басқаларға қарағанда, аттестаттың орташа бағасы жоғары талапкер грантты жеңеді.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *