Балапан — Алмагүл Мыңбаева

Бүгін біз сіздерді Өскемен қаласында және Согра ауылында 3 балабақшасы бар кәсіпкер Алмагүл Мыңбаевамен таныстырғымыз келеді. Алмагүл 2011 жылдан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту саласында. Балалар оның балабақшасына «Балапан» бағдарламасы бойынша баруда. 3 балабақшадағы балалардың жалпы саны-1120 болса, қызметкерлер саны-255. Сондай-ақ ол 2015 жылы елбасының «Мейрімді журек» премиясына ие болған. Алмагүл Мыңбаеваға балабақша бизнесінде екі ұлы көмекші.

Сұрақ: Алмагүл сіз неліктен өз күшіңізді, уақытыңызды мектепке дейінгі оқыту мекемесін инвестициялауға жұмсадыңыз?

Алмагүл: Мектепке дейінгі оқыту саласын саралай келе, Согра ауылындағы балабақшада, әсіресе қазақ тілді тәрбиеленушілерге орын жетіспейтіндігіне көзім жетті. Маған сол кезде неліктен балабақша ашпасқа деген ой келді. Балабақшаны ашудағы басты себебім, біздің қаладағы ата-аналарға көмектескім келгендігі болды. 2004 жылдан бері жеке кәсіпкерлікпен айналысамын, сол тәжірибем мектепке дейінгі оқыту саласындағы касібіме көмектесті. «Балапан» бағдарламасымен таныса бастадым. Білім басқармасына барып, ондағылар маған балабақша ашу ісін егжей-тегжейлі тусндірді. Маған осы салада жұмыс істеген ұнайды. Бақытты балалар мен дән риза ата-аналарды көргенде өзімнің игі іс жасап жүргенімді тусінемін.

Сұрақ: «Балапан» бағдарламасы туралы не ойлайсыз? Оны калай бағалайсыз?

Алмагүл: Балабақшадағы кезекті қысқартуға Мемлекеттік жекеменшік серіктестіктің тигізер септігі мол. Мен «Балапан» бағдарламасын толығымен қолдаймын. Біздің балабақшаларда ата-аналар әр бала үшін бағдарлама бойынша 13 000 теңге төлесе, қалған 21 700 теңгені мемлекет төлейді. «Балапан» бағдарламасымен жұмыс жасай бастаған алғашқы кәсіпкерлердің бірімін. Менің тәжірибемнен соң, балабқша ашқысы келген басқа да кәсіпкерлер көмек сұрай келді. Мен 8 кәсіпкерге кеңестер беріп, олармен өз тәжірибеммен бөліскенмін.

Сұрақ: Қандайда бір кедергілерге тап болған кезіңіз болды ма? Оны қалай шештіңіз және мемлекет тарапынан көмек көрсетілді ме?

Aлмагүл: Бастапқыда, балабақшаны енді ашқан кезде, білім бөлімі берген құнды ақпараттар маған көп көмектесті. Бірақ кедергілер де жоқ емес. Жеткізушілерді таңдау және олармен шарт жасасу бізге біраз қолайсыздықтар әкелді. Тағы бір проблема мемлекеттік тапсырыс бойынша келісім-шарт уақытын ай сайын ұзарту. Соған байланысты, «Балапан» бағдарламасы бойынша оқитын балаларға алдағы уақытқа ұзақ мерзімді жоспар құра алмаймыз. Әр ай сайын келісі-шарт мерзімін ұзартуды растау, растамауын ойлап уайымдаймыз. Нақты жоспарлар құру үшін бір жылға келісім жасаған жақсы болар еді.

Сұрақ: Сіз ашқан балабақшаның өзге балабақшалардан артықшылығы неде, қалай ерекшеленеді?

Aлмагүл: Біздің балабақшалар өзгелерден бірнеше критерийлер бойынша ерекшеленеді. Мысалы, бізде шет тілі (ағылшын және неміс) оқытылатын қазақ және орыс топтары бар. Күн сайын тек жаңа піскен өнімдерді сатып аламыз және оған балаладың ата-аналарының да көңілі толады. Жеткізушілермен де тікелей жұмыс жасаймыз және оларды тендер арқылы емес, өзіміз таңдаймыз. Сондай-ақ ментальды арифметиканы оқутуды енгіздік. Басқа балабақшалардан тағы бір артықшылығымыз, бір жарым жастан бастап қабылданатын мектепке дейінгі даярлық топтар аштық.

Сұрақ: Балабақша ашуды жоспарлап жүргендерге қандай кеңес бере аласыз? Жұмыс барысындағы қателіктерден қашудың қандай жолдары бар?

Aлмагүл: Менің ойымша, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру саласын зерттеп, түсіну қажет. СанЕжН және «Балапан» бағдарламасының талаптарымен танысу керек. Содан кейін ғана балабақша ашу туралы құжаттарды ресімдеумен айналысқан жөн.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *