Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі (Ассимиляция согласных звуков, звуковая ассимиляция)

Дауыссыз дыбыстардың үндесуі, дыбыс үндестігі
(Ассимиляция согласных звуков, звуковая ассимиляция)
Ассимиляция – латын тілінен «ұқсату», «ұқсасу» (уподобление) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин.(латинский термин, который означает «уподобление»).
1. Толық ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне түгелдей ұқсатады.
(Полная ассимиляция – один звук полностью уподобляет себе другой звук).

Мысалы: жазса, сүзсе сөздерінде -с- дыбысы –з- дыбысын өзіне толық ұқсатып, айтуда жасса, сүссе болады (жұмысшы-жұмышшы, сөзшең-сөшшең)
2.Жартылай ассимиляция – бір дыбыс екінші бір дыбысты дәл өзіне ұқсатпай, бір жақты, жартылай ғана ұқсатады, яғни ұяң дыбыс болса, өзіндей ұяң дыбыстың, қатаң дыбыс болса, қатаң дыбыстың болуын қалап тұрады. (Неполная ассимиляция – один звук уподобляет себе другой звук неполностью.
То есть, звонкая согласная требует присоединения звонкого согласного, а глухая согласная –глухого). Мысалы: жаз+да, тас+қа, ас+тық, оқулық+та, қазақ+тар т.б.
Бұл құбылыс сөз тіркестерінде де, біріккен сөздерде де байқалады. (Это явление наблюдается и в словосочетаниях, и в слитных словах). Мысалы: ақ бала, ақ ешкі тіркестері айтылуда ақ пала, ағ ешкі ; біріккен сөздер — шекара –(шегара), Сәтбаев – (Сәтпаев) болып айтылады, бірақ жазылмайды.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *