Дауыстыларды талдау үлгісі (Пример разбора гласных звуков)

1)    А – езулік, ашық, жуан дауысты (негубной, широкий, твердый гласный):
2)    Ә — езулік, ашық, жіңішке дауысты (негубной, широкий, мягкий гласный):
3)   Ы – езулік, қысаң, жуан дауысты (негубной, узкий, твердый гласный):
4)    О – еріндік, ашық, жуан дауысты (губной, широкий, твердый гласный):
5)    І   — езулік, қысаң, жіңішке дауысты  (негубной, узкий, мягкий гласный):
6)    Ү – еріндік, қысаң, жіңішке дауысты (губной, узкий, мягкий гласный):
7)    Ө — жіңішке, еріндік, ашық дауысты (мягкий, губной, широкий гласный):
8)    Е  — жіңішке, езулік, ашық дауысты (мягкий, негубной, широкий гласный):
9)    Ұ — жуан, еріндік, қысаң дауысты (твердый, губной, узкий гласный):
10)  У – жуан және жіңішке, еріндік, қысаң дауысты (твердый и мягкий, губной, узкий гласный):
11)  И – жуан және жіңішке, езулік, қысаң дауысты (твердый и мягкий, негубной, узкий гласный):
12)  Э  — орыс тілінен енген сөзде ғана кездеседі (встречается только в заимствованных из рус.яз.словах):

Дауысты дыбыстардың жазылу емлесі
(Орфограмма гласных звуков)
1.  -а, е, ы, і  — әріптері сөздің барлық буындарында жазылады.
(Данные буквы пишутся  во  всех  слогах  слова).
2.  -о, ө, ұ, ү, ә — әріптері  қазақтың төл сөздерінің алғашқы буындарында және біріккен сөздердің         кейінгі буындарында  жазылады.(Данные буквы пишутся только в начальных  слогах исконно казахских слов, также в последующих  слогах сращенно-слитных слов).
Мысалы: әділет, Ақтөбе, бөкен, борыш, дүние  т.б.
3. –о, ө, у, ү — еріндік дыбыстары сөздің бірінші буынында келгенде, өзінен кейін келетін
езулік  дыбыстарды  еріндікке айналдырады. Айтылады, бірақ  жазылмайды. Мұны ерін үндестігі дейді.
(Данные губные звуки в начальных слогах  при произношении влияют на негубные звуки
последующих слогов, превращая их в губные звуки. При письме пишутся  буквы –ы-і-е-
Это явление называется губным сингармонизмом , созвучием).
Мысалы: орын-орұн, жүрек-жүрөк, бүгін-бүгүн, өнім-өнүм, бөрене-бөрөнө, төбе-төбө   т.б.
4.  – у — әрпі қазақтың байырғы сөздерінде қосарлы –ыу- іу- ұу- үу – дыбыстарын таңбалайды.
(Буква –у- в исконно казахских словах  обозначает удвоенные звуки, но не пишутся).                                Мысалы: оқу-оқыу, жібу-жібіу, жу-жұу, жүру-жүрүу   т.б.
-у- дыбысына аяқталған етістіктерге –у- жұрнағы жалғанғанда, екі –уу- әрпі қатар жазылады.
(Если к глаголу, оканчивающемуся на звук –у- присоединяется суффикс –у- , то две буквы –уу-
пишутся слитно). Мысалы: бу-буу, қу-қуу, жу-жуу  т.б.
5. –ы-і- : Сөздердің соңғы буындарында –ы — і – дыбыстары болып,  сол сөздерге  тәуелдік жалғауы жалғанса, онда соңғы буындағы –ы — і- әріптері түсіріліп  жазылады.
(Если в последних слогах слова есть звуки-ы-і-, то при присоединении  притяжательных окончаний
буквы-ы-і- выпадают). Мысалы: орын+ы-орны, халық+ы-халқы, әріп+і-әрпі, мұрын+ы-мұрны  т.б.
6. –и- әрпі  қосарлы  -ый-ій- дыбыстарын таңбалайды.
(Буква –и- обозначает удвоенные звуки –ый-ій-). Мысалы: бидай-бійдай, биік-бійік, қиын – қыйын  т.б.
Қосарлы –ый- әріптері тек  -сый – тый – сөздері  мен осы сөздерден жасалған  туынды сөздерде
ғана жазылады. (Удвоенные звуки –ый- пишутся только в  словах  -сый-тый-  и в производных
словах, образованных от данных слов).
Мысалы: сый-сый+лық , сый+лау, сый+лағыш, тый-тый+ым, тый+ымсыз, тый+ғызу
7. Сөз құрамындағы қосарлы  дыбыстарды таңбалайтын  -я (йа) – ю (йу) — әріптерінің алдынан естілетін
-ы-і- дыбыстары  -и-  әрпімен таңбаланады.
( В слове перед удвоенными  звуками  –я(йа), -ю(йу) – слышатся  звуки –ы-і-, но пишется всегда буква –и-).
Мысалы: дария, қиял, зиялы, кию, тиянақты  т.б.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *