Дәйексөз

Дәйексөз (цитата)
Дәйексөз – мәтіннен сөзбе-сөз алынған үзінді. Дәйексөздің қайдан алынғаны толық көрсетілуі керек. Тыныс белгілері төл сөзге қойылатын тыныс белгілерімен бірдей.Өлеңді сөйлемдерді дәйексөз еткенде, ол үзінді тырнақшаға алынбайды.

(Цитата –отрывок, взятый из текста слово в слово. Обязательно надо указывать, откуда взята цитата. Знаки препинания идентичны знакам препинания прямой речи. Стихи, взятые в качестве цитаты, не заключаются в кавычки).

1 Нүкте қойылатын жағдайлар (точка ставится)
а) хабарлы сөйлемнен кейін. (после повествовательного предложения)
Мысалы: Бәріміздің өміріміздің басталуы бар.
б) бәсең үнмен айтылған бұйрықты сөйлемнен кейін. (в повелительном предложении, выраженном
вежливо) Мысалы: жұмысқа дереу кірісіңдер.
в) драмалық шығармаларда кейіпкер атынан кейін. (после имен героев в драматических произведениях)
Мысалы: Есен. ….Жақсы ма?
г) автордың берген ремаркасынан кейін. ( после ремарки автора)
Мысалы: Хан. Зынданға тастаңдар оны, күннің көзін көрмесін.(Жендеттер ақынды сүйреп алып кетті).
д) кісі аттары, газет-журнал атаулары, қысқартылған сөздер тіркестері, әріптерден кейін.
(после имен людей, названий газет-журналов, соуращенных словосочетаний, букв)
Мысалы: т.б. М.Әуезов. Ғ.Мұст. «Қ.Ә.» журналы.
е) дәйексөздің авторын көрсеткен жағдайда. (при указании автора цитаты)
Мысалы: Тіл жоқ жерде ұлт жоқ. (М.Әуезов).
Нүкте қойылмайтын жағдайлар (точка не ставится)
а) бас әріптерде және буындардан қысқарған сөздердің әріптерінің немесе буындарының  арасына қойылмайды. (абривиатура). Мысалы: ҚазМУ т.б.
б) көлемдік, ұзындық өлшемдерінен және басқа қысқартылған шартты белгілерден кейін қойылмайды.
(в сокращенных словах, определяющих размер, площадь и др)
Мысалы: км , см , га , а /ампер/, v /вольт/ т.б.

2 Қос нүкте қойылатын жағдайлар (двоеточие ставится)
а) жалпылауыш сөзден кейін, бірыңғай мүшелердің алдынан. (после обобщающего слова, перед  однородными членами) Мысалы: Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс.
б) жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін.  (между компонентами бессоюзного причинно-сочинительного предложения)
Мысалы: Оларды кінәлауға болмайды: географиялық картада ондай ат жоқ.
в) жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады.
(между компонентами разъяснительно-сочинительного предложения)
Мысалы: 1986 жылы қазақ тарихында зор бір оқиға болды: ұлт жанашырлары үкіметтің  солақай саясатына наразылық білдірді.
г) автор сөзінен кейін, төл сөздің алдынан қойылады. (после слов автора,перед прямой речью)
Мысалы: Бөлтірік шешен былай деген екен: «Дүниеде азбайтын байлық біреу, ол – ақыл».

3 Көп нүкте қойылатын жағдайлар (многоточие ставится)
а) автор әр сөздің арасына көбірек пауза жасап, жіктеп, даралап бөлуді мақсат еткенде, ол сөздерден кейін
көп нүкте қойылады. Көбіне көркем әдебиет шығармаларында кездеседі. (ставится когда автор делает паузы с какой-то целью. В основном такое явление встречается  в художественной литературе) Мысалы: Құдай-ай… Не пиғылымнан таптым… (Ә.Н.).

4 Нүктелі үтір қойылатын жағдайлар (точка с запятой ставится)
а) санамаланып айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына қойылады.  (ставится между перечисленными предложениями с сочинительной связью)
Мысалы: Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі, берік болмақ керек;
екінші, сол нәрсені көргенде, ынтамен ұғыну керек; үшінші,, сол нәрсені көңілге  бекіту керек; төртінші, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.(Абай).

5 Үтір қойылатын жағдайлар (запятая ставится)
а) бірыңғай мүшелер арасына (для разделения однородных членов) Мысалы: Үйді де, орманды да, көлдерді де – барлығын қалың қар басып қалған.
б) оңашаланған айқындауыштың алды-артынан қойылады.
(до и после обособленного уточняющего члена)
Мысалы: Мектептің оқушылары, 9 және 10 сыныптары,әрдайым сайыстарға қатысуда.
в) құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер арасына. (между простыми предложениями в  составе сложного предложения)
г) қайталанған жалғаулықтар алдына қойылады. (перед повторяющимися союзами)
Мысалы: Бөгенбай әрі батыр, әрі қолбасшы, әрі кеңесші болған.
д) оқшау сөздерді,сөз тіркестерін ажырату мақсатында қойылады.
(для выделения обособленных слов и словосочетаний)
Үтір қойылмайды (запятая не ставится)
а) сөйлемнің бірыңғай мүшелері және-мен-пен-бен жалғаулықтары арқылы бір рет байланысса, бұл
жалғаулықтардың алдынан үтір қойылмайды. (запятая не ставится перед данными союзами если они,
соединяя однородные члены предложения, используются один раз)

6 Сызықша қойылатын жағдайлар (тире ставится)
а) бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан.
(после однородных членов предложения перед обощающим словом)
Мысалы: Нағашылық, құрбылық, татулық – үшеуі жандай дос-ты. (С.М.).
б) оңашаланған айқындауыштың екі жағынан. (с двух сторон обособленного уточнения)
Мысалы: Бұларсыз – жем-шөпсіз, қорасыз, – малды қыстан күйлі шығарам деген бос сөз.
в) жалғаулықсыз қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің арасына  қойылады. (ставится между компонентами бессоюзного противительно-сочинительного и  разъяснительно- сочинительного предложения)
Мысалы: Жастардың білімге құмарлығы соншалық – қолдарынан кітап түспейді.
г) төл сөз, автор сөзі, диалогта қойылады. (при оформлении диалогов)
Мысалы: — Құр барып қайтпа, алып қайт!
д) сан, уақыт кеңістік мөлшерінің аралық шегін көрсету үшін қолданылады. (применяется для указания предела числа, времени)
Мысалы: Әуежайдан күнбе-күн Алматы-Қызылжар ұшағы қатынап тұрады.
е) бастауыш пен баяндауыш атау тұлғадағы сөздер арасына қойылады.
(ставится между подлежащим и сказуемым в именительном падежах) Мысалы: Бұл-адам.
7 Тырнақша қойылатын жағдайлар (кавычки ставятся)
а) дәйексөз тырнақшаға алынады. (в кавычки берется цитата)
Мысалы: Махамбет Өтемісұлы туралы З. Қабдолловтың мына пікірі еске түседі:  «Махамбет — өмірдегі қасіреттің синониміне, өнердегі қасиеттің символына  айналған аса аяулы әрі ардақты ат».
б) диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады. (прямая речь вне диалога берется в кавычки)
Мысалы: «Шұға айныса, амалым жоқ , Егер Шұға сөзінде тұратын болса, не қиындық  болса да, көрем», — деумен болды. (Б.М.)
в) сөйлем ішіндегі мақал-мәтелдер,афоризмдер тырнақшаға алынады. (в кавычки берутся пословицы-поговорки, афоризмы в составе предложения)
Мысалы: «Күшіне қарамай көже көпіреді» дегендей көктемде өзеннің бұрқырайтыны бар.
г) сөйлем ішінде басқа біреудің сөзі қолданғанда, ол сөз тырнақшаға алынады.
(в кавычках используются чужие высказывания, использованные в предложении)
Мысалы: Зеренің соңғы айтқан «мылжың», «мақтаншақ», даңғой» дегендері шынымен төрт  көзі түгел отыр еді.
д) атаулар мен ұйымдар, объект етіп алынған сөз, буын, сөз тіркесі, әріп т.б. нәрсе аттары  тырнақшаға алынады. (в кавычки берутся разные названия, наименования)
Мысалы: «Волга» мәшинесі келді. «Қан мен тер» романы. т.б.

8 Жақша қойылатын жағдайлар (скобки применяются)
а) қыстырынды сөздер мен сөйлемдер жақшаға алынады. (в скобки берутся вставленные слова  и предложения) Мысалы: Менің Метрейім (Дмитрий) үй салуға көмектесті.
б) белгілі бір цитатаның кімнен алынғандығын білдіру үшін, соңында тұрған оның аты жақшаға  алынып жазылады.(в скобки берутся авторы цитат)
Мысалы: Ақыл сенбей, сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. (А.Құнанбаев).
в) драмалық шығармалардағы автор түсіндірмесі жақшаға алынып жазылады.(пояснения автора в  драматический произведениях) Мысалы: Төлеген: Осы жолы тірі әкелуге серт етемін! Панфилов:
Бар. (Бұлар кетеді, телефон сылдырлайды).
г) кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, талас, күдікті болса, сол сөзден не
сөйлемнен кейін қойылатын сұрау белгісі, леп белгісі жақшаға алынады.(вопросительный и  восклицательный знаки, которые ставятся после слов,значения которых непонятны ученику, берутся в  скобки) Мысалы: Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып, сан жағын ғана сақтаған: ломберный
стол – төрт таған (?), салфетка – орамал (?)…..

9 Леп белгісі қойылатын орындары (восклицательный знак ставится)
а) леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады.(в восклиц.предложениях)
Мысалы:Шіркін, айтушы мен болғанда, ұқтырушым сен болсайшы, Абай!
б) ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған  сөйлемдерден соң қойылады.(после предложений, высказанных с особой повышенной интонацией в  форме приказа, просьбы) Мысалы: Абайлаңыз! Тоқтатыңыз бұл істі!
в) ұранды сөйлемдерден кейін қойылады.(в призывных предложениях)
Мысалы:Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған!
г) ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен «жоқ», «иә» деген сөздерден кейін
қойылады. (после обращений, междометий, слов «да» и «нет», сказанных с особой повышенной
интонацией) Мысалы: Тоғжан! Жақсы айттыңыз-ау! Жоқ! Бармаймын.
д) ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін леп белгісі қойылуы
мүмкін. (может ставится после назывных предложений, сказанных с особой повышенной
интонацией) Мысалы: «Иегі ителгінің тамағындай» деп асықтырған қалындық!
е) сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады.
(ставится при произношении приветствия, в составе которого есть вопросительные частицы)
Мысалы: — Есенсіз бе! – деді Асқар.

10 Сұрау белгісі қойылатын орындары (вопросительный знак ставится)
а) сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.(в вопр. предложен) Мысалы: Сен биыл мектеп бітіресің бе?
б) сұраулық мәнін көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін қойылады.(иногда ставится  для усиления вопросительного значения после каждого однородного члена)
Мысалы: Жел ме? Аттың жал-құйрығы ма? Жылан ба? Бірдемелер ысылдайды.
в) сұрау белгісі кейде сөйлемдегі белгілі бір сөздің мәні оқушыға түсініксіз, неге олай деген күдік
туғызғанда аңғарту үшін қойылады, мұндайда ол сол сөзден кейін жақшаға алынады.
(ставится после слов,значения которых непонятны ученику и берутся в скобки)
Мысалы: Еңбек-кеме, матрос-мен кемеде, оны сүймек сыбаға пешенеме (?)

11 Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы (сочетание знаков препинаний)
а) егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады.
(если вопросительное предложение высказано с восклицательной интонацией, то два знака
сочетаются) Мысалы: Не қыл дейсің маған?!
б) жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына үтір, сызықша
қойылады.(запятая и тире ставятся между простыми предложениями в бессоюзном ССП с
противительным значением) Мысалы: Айтты, — көндім, Алды, — бердім, Енді өкіндім, өзіме аз.
в) төл сөз бен автор сөзі арасына сызықша үтірмен, леп белгілерімен қабаттаса келуі мүмкін; тырнақша
мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойылуы да мүмкін.(могут ставиться между
словами автора и прямой речью тире с запятой и восклицательным знаком; тире с запятой, точкой,
вопросительным знаком, многоточием)
Мысалы: Халық ырымында: «Сүтті жерге төкпе»,- деген бар. «Өзім алып шықсам қайтеді?» — деп
ойлады Бүркітбай.
Бастауыш пен баяндауыш атау тұлғадағы сөзден болғанда, бастауыштан кейін сызықша(тире после подлежащего, если подлежащее и сказуемое в именительном падеже)

бастауыш (подлежпщее)
1 зат есім (существительное)
2 сын есім (прилагательное)
3 сын есім (прилагательное)
4 сан есім (числительное)
5 сан есім (числительное)
6 тұйық етістік (глагол-инфинитив)
7 зат есім (существительное)
8 сілтеу есімдік (указательное местоимен)
9 3-жақ жіктеу есімдігі (личн.мест. 3 лица)
10 есімше (причастие)
баяндауыш (сказуемое)
зат есім (существительное)
сын есім (прилагательное)
зат есім (существительное)
сан есім (числительное)
зат есім (существительное)
зат есім (существительное)
тұйық етістік (глагол-инфинитив)
зат есім (существительное)
зат есім (существительное)
зат есім (существительное)

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *