Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары № 2

Еліктеу сөздерге, одағайға байланысты тест тапсырмалары № 2
1.Бейнелеуіш сөзді табыңыз.
А) тым-тырыс В) апыл-ғұпыл С) салдыр-гүлдір Д) мырс-мырс Е) тасыр-тұсыр
2. Көп нүктенің орнына керекті еліктеуі сөзді қойыңыз.
« Астымдағы жануар құлағын қайшыландырып, зорға ………. желеді.»
А) бұрқ-сарқ В) ажыраң С) борт-борт Д) құж-құж Е) далаң-дұлаң
3. Еліктеу сөзді тіркесті көрсетіңіз.
А) Сылқ-сылқ күледі. В) Емін-еркін отырды. С) Мыңға жуық.
Д) Әттең естімедім-ау. Е) Ақырындап аттады.

4. Сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарып тұрған еліктеу сөзді табыңыз.
А) Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі құлағының түбінен жел гу-гу етеді.
В) Таңдайын тақ-тақ еткізеді.
С) Маңы – ығы-жығы адам.
Д) Сұлтан сабырлы оймен тыңдап болып, мырс етіп бір күлді.
Е) О, жоғары шық, бала, атаңның қасына бар.
5. Одағай қандай сөздер қатарына жатады?
А) еліктеу сөз В) шылау сөз С) мағыналы сөз Д) омоним сөз Е) оқшау сөз
6. Дара одағайды табыңыз.
А) мәссаған В) шөре-төре С) бәрекелді Д) оһ Е) оқшау сөз
7. Жекіру одағайын көрсетіңіз.
А) көс В) шіркін-ай С) уһ Д) пәлі Е) жә
8. Еліктеу сөз қандай тұлғада бастауыш қызметін атқарады?
А) Көмекші етістікпен тіркесіп, зат есім алдында.
В) Етістікпен тіркескен жағдайда.
С) Көмекші етістікпен тіркесіп, заттанған жағдайда.
Д) Қимыл, іс-әрекеттің түрлі белгісін білдірген кезде.
Е) Әр түрлі дыбысқа еліктеу, олардың бейнесін елестету мәнінде.
9. Еліктеу сөз анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Үзеңгінің де сыңғыр-сыңғыр үні тыйылған.
В) Жұмсақ қардың әр түрлі жұлдыздары жылт-жылт етеді.
С) Гулеп ұшқан көбелектей көп бояулы, неше алуан.
Д) Құлағына ат тұяғының гүрсілі естілді.
Е) Жайнаң қағып жайдары көктем келді.
10. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған бейнелеуішті табыңыз.
А) Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті.
В) Үлкен, өткір көзі жалт-жұлт етеді.
С) Бүйір жағынан келіп арс етіп қауып түсті.
Д) Ол бетін жастыққа басып, солқ-солқ жылап жатыр.
Е) Әлгі адам сәл бөгеліп, тау шыңына қарай көз жіберді.

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *