Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 2

Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 2
1. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сіз» деген — әдеп, «біз» деген – көмек.
А) Анықтауыш В) Толықтауыш С) Бастауыш Д) Пысықтауыш Е) Баяндауыш
2. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін.
С) Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға.
Д) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Е) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.
3. Ілік септігі тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? В) Қайсысын? С) Кімсіздер? Д) Неңіз? Е) Нешеуінің?
4. Бірге жазылатын есімдікті табыңыз.
А) Әр адам В) Әр уақытта С) Әр түрлі Д) Әр қалай Е) Әр кезде
5. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Еш уақытта, еш қашан В) Әлде кім, әр адам С) Әркім, ешқайда
Д) Кей ағаң, кей біреу Е) Бүгін, еш теңе
6. Дара есімдікті табыңыз.
А) Олар ертең сабаққа бармайды. В) Марат өз-өзіне сөз берді. С) Ертең ешкім ешқайда бармайды.
Д) Әрдайым сабақ оқы. Е) Әлденеше рет қайталанды.
7. Бөлек жазылатын есімдікті табыңыз.
А) Әрқилы В) Әрқашан С) Кейбіреу Д) Қайсыбір Е) Ешқайда

8. Пысықтауыш қызметінде жұмсалмайтын қосымшасыз есімдік түрі.
А) Жіктеу есімдігі В) Болымсыздық есімдігі С) Сілтеу есімдігі
Д) Белгісіздік есімдігі Е) Жалпылау есімдігі
9. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
« Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды».
А) Толықтауыш В) Баяндауыш С) Пысықтауыш Д) Бастауыш Е) Анықтауыш
10. Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Жылы менен суықтың бәрін көрді. В) Кім қайратты?! С) Темір, сенбісің?
Д) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Е) Маған ешқашан сенбе.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *