Есімше (Причастие)

ЕСІМШЕ (причастие)
Бірде есім сөздердің , бірде етістіктің қызметін атқарады.
(Выполняет функции то именных слов, то глагола)
Ереже:
Есімше есім сияқты түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.
(Изменяясь по падежам, числам, имея притяжательные окончания , выполняет функции имени)
Жұрнақтары:
1. –ған-ген-қан-кен /өткен шақ мағынада/ /знач.прош.времени/
2. –ар-ер-р /келер шақ мағынада/
/знач.будущ.времени/
-с-(болымсыз тұлғасына)
3. –атын-етін-йтын-йтін
/өткен шақ мағынада/
/значение прошед.времени/
4.–мақ-мек-пақ-пек-бақ- бек
/мақсат мағынада/
/значение цели/

Мысалы:
1. ал+ған, көр+ген
2. ал+ар, көр+ер ал+ма+с, көр+ме+с
3. ал+атын, көр+етін
4. ал+мақ , көр+мек

Етістік (глагол)
Есімше жіктеліп, етістік қызметін атқарады. (Имея личные окончания, выполняет функцию глагола)

Остальное такое же как у глагола, смотрите выше.

Есімшенің сөйлемдегі қызметі (функция причастия в предложении)

Бастауыш: Сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. (В именительном падеже является
подлежащим) Мысалы: Жаз+ған үндемеді. Оқы+ған білімді болады.

Баяндауыш: Жіктеліп, баяндауыш болады. (Имея личные окончания, является сказуемым)
Мысалы: Ертең мектепке бар+ар+мын. Қызықты қазір көр+ер+сің.

Толықтауыш: Атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып, толықтауыш
болады. (Субстантивируясь во всех падежах кроме Им.п. и Р.п. , является
дополнением) Жұрнақтары (суффиксы) -ған-ген-қан-кен
Мысалы: Ұял+ған+ды Құнанбай кешірмейтін.Ол оқы+ған+дар+ын айтып берді.

Пысықтауыш: Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде, немесе көмекші есіммен, септеулік
шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. (В дательном, предложном, местном,
исходном, творительном падежах, также в сочетании со вспомогательным именем
или с послелогами является обстоятельством)
Мысалы: Біл+мек+ке (Б.с.) кетті көңілі.
Осыны сез+ген сайын (қашан?) Абай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Ә.)

Анықтауыш: Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады.
(В сочетании с существительным или находясь в родительном падеже является
определением) Жұрнақтар: -ған-ген-қан-кен-атын-етін-йтын-йтін-ушы-уші.
Мысалы: Көш+кен (қай?) ауылды іздеп табалық. (Ы.А.)
Айт+қан+ның (кімнің?) аузы жаман, көр+ген+нің (кімнің?) көзі жаман.

Ескерту: Көптік жалғау –ған-ген-қан-кен-атын-етін-йтын-йтін тұлғалы есімшелерге ғана жалғанады.
(примеч): (Окончания множественности присоединяются только к причастиям с данными суффиксами)
Есімшенің -ар-ер-р-с-мақ-мек-бақ-бек-пақ-пек тұлғаларына көмектес септік жалғауы
жалғанбайды. (К причастиям с данными суффиксами не присоединяются окончания творит.п.)

Көсемше мен есімшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады. (С помощью суффиксов деепричастия и причастия образуются категории времени глагола).

1. –ған-ген-қан-кен : бұрынғы өткен шақ есімшесі. /причастие давно прошедшего времени/
2. –ар-ер-р : болжалды келер шақ есімшесі. /причастие предположительного будущего времени/
3. –атын-етін-йтін-йтын : ауыспалы өткен шақ есімшесі. /причастие переходного прошедшего времени/
4. –мақ-мек-бақ-бек-пақ-пек : мақсатты келер шақ есімше. /причастие будущего времени цели/
5. –ып-іп-п : бұрынғы өткен шақ көсемшесі. /деепричастие давно прошедшего времени/
6. –а-е-й : ауыспалы осы (келер) шақ көсемшесі. /деепричастие переходного наст. или будущ. времени/

ЕТІС (залог)
Іс-қимылдың орындалуына орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Етістің 4 түрі бар
(Передает отношение /направленность/ действия к субъекту и объекту. Есть 4 формы залога)

1. Өздік етіс  (возвратный  залог)

ереже
Қимылды орындаушы өзі істейді. (Действие направлено на самого производителя)

жасалуы
1. сабақты етістікке
–ын-ін-н жұрнақтары
жалғану арқылы.
(переход.гл.+суффикс)
2.–лан-лен-дан-ден-тан-
тен-сын-сін-ырқан-
іркен жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер.(производные глаголы, образов.от дан.гл)

мысалдар
Жу+ын+ды, ки+ін+у, тара+н+ды т.б.

пайда+лан+ды
қол+дан+ды,
әдемі+лен+ді
көп+сін+ді
аз+сын+ды т.б.
2. Өзгелік етіс  (понудительный  залог)

ереже
Қимылды орындаушы өзге біреу.(Действие,вызванное одним и выполненное другим лицом)

жасалуы
1. етістік+жұрнақ
(глагол+суффикс)
-дыр-дір-тыр-тір-ыр-ір
-ғыз-гіз-қыз-кіз-
-т-тат-тет-сет-лат-лет
— дат-дет

мысалдар
күл+дір, ас+ыр,
сат+тыр,
жаз+ғыз,
таза+лат,
жүгір+т т.б.

3.Ырықсыз   етіс (страдательный  залог)
ереже
Орындаушы белгісіз. Қимылды орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай. (Исполнитель неизвестен. Действие направлено на объект)

жасалуы
1. етістік+жұрнақ
(глагол+суффикс)
-ыл-іл-л
-ын-ін-н

мысалдар
бер+іл+ді,
жаз+ыл+ды,
іл+ін+ді,
айт+ыл+ды т.б.

4. Ортақ етіс  (взаимный залог)
ереже
Қимылды орындаушы біреумен бірге істейді.(Действие роизводится совместно с кем-то)

жасалуы
1. түбір етістік+жұрнақ
(корень глагола+суффикс)
-ыс-іс-с-лас-лес-дас
-дес-тас-тес

мысалдар
жаз+ыс+ты,
бөл+іс+ті,
сөйле+с+ті,
пікір+лес+ті т.б.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *