Есімшеге, көсемшеге, етіске байланысты тест тапсырмалары № 3

Есімшеге, көсемшеге, етіске байланысты тест тапсырмалары № 3
1. Баяндауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
А) Жақсыға шаң жуымас, жаманға мал жуымас. В) Ас қадірін тоқ білмейді.
С) Кеңеспен пішілген киім кең де болмайды, кем де болмайды.
Д) Білім – таусылмайтын кен. Е) Гүрілдеп келген жаудан, күлімдеп келген қас жаман.
2. Ырықсыз етісті табыңыз.
А) жуынды В) сөйленді С) қырынды Д) жылынды Е) киінді
3. Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрін көрсетіңіз.
А) көсемше В) етістіктің шақтары С) етістіктің райлары Д) есімше Е) өздік етіс
4. Баяндауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.
А) Ынтымақ халықты асырар.
В) Біз кітап оқығалы кітапханаға бардық.
С) Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Д) Жорға дөнен топ жылқыдан жырыла қашты.
Е) Көшедегі қардың суын шалпылдатып жүгірді.
5. Салт етістікті сабақтыға айналдыратын қай етістің жұрнағы?
А) өзгелік В) өздік С) ырықсыз Д) ортақ Е) ешбірі
6. Тек бір сөзге жалғанатын етіс жұрнағын табыңыз.
А) –ыс В) –ыр С) –ыл Д) –қыз Е) – сет
7. Ортақ етіс мағынасын білдіретін қосымшаны көрсетіңіз.
А) –тас В) –лан С) –ғыз Д) –лын Е) – ырқан
8. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыңыз.
А) –қан В) –атын С) ып Д) –ды Е) –а
9. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.
А) –ар-ып-ыр В) –т-с-л С) –а-е-й Д) –ғыз-ған-ғалы Е) –р-с-п
10. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз.
А) Ол онымен қатты сөйлесті. В) Мен ол айтысты көрген жоқпын. С) Оның жағы қарысты.
Д) Мен оған көмектестім. Е) Ол асығыс жетіп келді

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *