Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 1

Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 1
1. Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі.
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
2. Қай сөйлемде етісік бастауыш қызметін атқарып тұр?
А) Балалы үй – базар. В) Үндемеген ұтады. С) Сабыр түбі – алтын.
Д) Бүгін бізде алты сабақ болды. Е) Сыйлағанды сыйлай білу керек.
3. Бастауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
А) Алты жерде алты – отыз алты. В) Марат кешігіп келді. С) Бүгін мен осындамын.
Д) Айтқан – сен, тыңдаған – мен. Е) Абайдың тілегі солай.
4. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз.
А) Көп сөйлеген көптен айрылады. В) Үстел үстінде шам жанып тұр. С) Жері байдың елі бай.
Д) Көре-көре көсем боласың. Е) Оқудың жолы қиын..
5. Толықтауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз.
А) Көрмес – түйені де көрмес. В) Жақын мен алысты жортқан білер. С) Дос жылатып айтар.
Д) Сабыр түбі – сары алтын. Е) Сыйлағанды сыйлай білу керек.
6. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған етістікті табыңыз.
А) Кірпігін де сирек қағады.
В) Малды тапқанға бақтыр.
С) Біз өзенге қарай жүгірдік.
Д) Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
Е) Оны сол мінезі үшін сыйлайтынбыз.
7. Етістіктен болған бірыңғай мүшені табыңыз.
А) Көрмес – түйені де көрмес. В) Арақты сатқан да, ішкен де күнәһар.
С) Оның жүрегі тас төбесіне шықты. Д) Ол есіктің ашық-жабығына қарамады.
Е) Оның ойнағысы келмеді.
8. Тұрлаулы мүшелері етістіктен болған сөйлемді табыңыз.
А) Жалғыз жігіт – жалтақшыл.
В) Өнер — өмір өрнегі.
С) Ескерген ескісін сақтамайды.
Д) Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар.
Е) Үлкендер оған сүйсініп қарады.
9. Етістік қандай жағдайда сөйлемде бастауыш болады?
А) Шақ , рай тұлғасында жіктеліп.
В) Көсемше тұлғасында қимылдың амалын білдіріп.
С) Есімше тұлғасында септеліп.
Д) Есімше, тұйық етістік атау септік тұлғасында.
Е) Тұйық етістік ілік септік тұлғасында.
10. Сөйлемнің баяндауышын анықтаңыз. «Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.»
А) ұғарлық В) саналы С) жан Д) сөзді Е) көрмедім

3 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *