Етістіктің талдау сызбасы (Схема разбора глагола)

Етістіктің талдау сызбасы (схема разбора глагола)
1. Құрамына қарай (по строению).
2. Тұлғасына қарай (по образованию):
а) негізгі түбір (непроизводный корень)
б) туынды түбір (производный корень)
3. Құрылысына қарай: дара, күрделі (по составу: простые, сложные)
4. Лексикалық мағынасы (лексическое значение).
5. Грамматикалық мағынасы (грамматическое значение):
а) жалпы грамматикалық мағына (общее грамматическое значение)
б) категориялық грамматикалық мағына (значение категории)
в) қатыстық грамматикалық мағына (значение относительности)
6. Лексика-грамматикалық мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай.
(синтаксическая функция и лексико-грамматическое значение).
7. Сұрағы (вопрос).
8. Мағынасына қарай (по значению):
а) негізгі, көмекші (основной, вспомогательный)
б) объектіге қатысына қарай: салт, сабақты (по отношению к объекту: непереходный, переходный)
в) іс-әрекеттің орындалуына қарай: болымды, болымсыз
(по отношению к действию: утвердительный,отрицательный).
9. Етістер (залоги):
а) өздік (возвратный)
б) өзгелік (понудительный)
в) ырықсыз (страдательный)
г) ортақ (взаимный)
10. Етістіктің өзіне тән ерекше категориялары (специфические категории глагола):
а) есімше (причастие)
б) көсемше (деепричастие)
в) тұйық етістік (инфинитив)
11. Етістіктің райлары (наклонения глаголов)
12. Етістіктің шақтары (времена глагола).
Мысалы: Біледі
1. Құрамына қарай үш құрамнан тұрады: біл+е+ді.
2. Тұлғасына қарай :
а) негізгі түбір (біл)
3. Құрылысына қарай — дара
4. Лексикалық мағынасы – қимыл-әрекетті білдіреді.
5. Грамматикалық мағынасы (грамматическое значение):
а) жалпы грамматикалық мағына – етістік
б) категориялық грамматикалық мағына – -е- жұрнағы арақылы шақтық мағынаны білдіреді,
-ді- жіктік жалғауы арқылы жақтық мағынаны білдіреді.
6. Лексика-грамматикалық мағынасы мен синтаксистік қызметіне қарай – лексикалық мағынасы толық,
белгілі сұраққа жауап береді, сөйлемде жеке тұрып мүшелік қызметін атқарады.
7. Сұрағы – Қайтеді?
8. Мағынасына қарай:
а) негізгі
б) объектіге қатысына қарай — сабақты (өз алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет етеді)
в) іс-әрекеттің орындалуына қарай — болымды
11. Етістіктің райлары – ашық райда.
12. Етістіктің шақтары –ауыспалы осы шақта тұр.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *