Фонетика – тілдегі дыбыстардың жасалуын, пайда болуын, ол дыбыстардың жүйесі мен
заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласы. (исследует образование звуков, их систему и законы)
Орфография — сөздердің дұрыс жазылу ережелерінің жиынтығын және оны
қарастыратын тіл білімінің саласы. (рассматривает правильность правописания)
Орфоэпия — сөздердің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығын немесе дұрыс айтылу
нормасын және оны қарастыратын тіл білімінің саласы. (рассматривает правильность произношения)
Дыбыс — сөздің ең кішкене бөлігі, айтылады және естіледі. Өкпеден шыққан ауаға байланысты.
(Звук – самая маленькая часть слова, произносится и слышится. Зависит от выдыхаемого воздуха)
Әріп — дыбысты белгілеу үшін қабылдынған шартты белгі. (Буква – знак для обозначения звука)
Алфавит (Әліпби) — әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығы. (последовательная система букв)
Элизия (шығарып тастау) – алғашқы сөздегі соңғы дауысты дыбысының кейінгі сөздің басты дауысты дыбыстың ықпалымен түсіп қалуы. (Выпадение последнего гласного звука в слове под влиянием первого гласного звука последующего слова). Мысалы: келе алмады – келалмады, бара алмады – баралмады.
Протеза (алдында) – сөздің алдында қосылатын дыбыс. Протеза көбіне қысаң дыбысты болады. (Добавление узкого гласного звука впереди слова). ы –і , ұ – ү. Мысалы: лас – ылас, рұқсат – ұрұқсат т.б.
Эпентеза (қыстыру) – сөздегі диссимиляция салдарынан қосымша дыбыстың пайда болуы.
(Образование другого звука вследствии диссимиляции слова). Мысалы: метр – метір, киім – кийім.
Редукция (қысқару,азаю)– екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы. Көбіне қысаң дауысты дыбыс түсіп қалады. (Выпадение узких гласных звуков вследствии безударного положения).
Мысалы: тәжірибе – тәжрибе, дәрігер – дәргер, құдірет – құдрет.
Диэреза – Қосарлы дыбыстардың біреуі түсіріліп айтылуы. (Выпадение одного из удвоенных звуков). Мысалы: класс – класта, қалмады – қамады.
Эпитеза – сөздің соңына қосылатын дыбыс. (Добавление звука в конце слова). Мысалы: танкі т.б.
Метатеза – сөз құрамында дыбыстардың орындарымен ауысуы. Көбінесе кірме сөздерде кездеседі. (Перестановка звуков или слогов в слове. В основном встречаются в заимствованных словах).
Мысалы: қапқан – қақпан т.б.
Антитеза – қарсы тезис, қарсы қою. (противопоставление).
Апокопа – сөздің соңғы дыбысы немесе буыны түсіріліп айтылуы. (выпадение последнего звука или слога). Мысалы: барады – барад, барамын – барам, газета-газет.
Қазақ тілінде 42 әріп бар: 15 дауысты дыбыс (гласных), 25 дауыссыз дыбыс (согласных)
және -ь- жіңішкелік белгі, -ъ- айыру белгі. Жіңішкелік пен айыру белгілері дыбысқа жатпайды.
Қазақ тілінде: 9 жалаң дауысты (монофтонг) /простые гласные звуки/ — а,ә,е,о,ө,ү,ұ,ы,і
2 дифтонг (қосынды) дауысты /удвоенные гласные/ – и, у
Орыс тілінен (с русского языка) енген 4 дауысты -э,ё,ю,я — дыбыс. Небары 15 дауысты дыбыс бар.
Қазақ тілінде и, у дыбыстарына аса назар аударған жөн. Бұл екі дыбыс көрші буындардың жуан, жіңішкелігіне байланысты бірде жуан, бірде жіңішке дауысты болып отырады. (Звуки –и-у – в зависимости от соседних слогов бывают или твердыми или мягкими звуками).
Мысалы: қиын, сияқты деген сөздерде -и- дыбысы жуан дауысты, ал тиін, киін сөздерінде -и- дыбысы жіңішке дауысты деп есептеледі. Сондай-ақ қуан, жуын сөздерінде –у- дыбысы жуан дауысты, ал жүру, беру деген жағдайларда –у- дыбысы жіңішке дауысты болып келеді.
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар (специфические гласные казахского языка)- 5 — ә, ө, ү, ұ, і
Жуан дауысты дыбыстар (твердые гласные звуки) – 4 — а, о, ұ, ы
Жіңішке дауысты дыбыстар (мягкие гласные звуки) – 5- ә, ө, ү, і, е