Қазақ тілінің орыс аудиториясында тиімді өткізу әдістері мен педагогикалық концепциясы

Еліміздің егемендігіне биыл, яғни 2005 жылы, 16-17     желтоқсанда 14 жыл толса, ал қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге жеткеніне, биыл 29 қыркүйекте 16  жыл толды. Сонымен бірге “Тілдерді қолдану мен  дамытудың 2001-2010” жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  бекітілгеніне, мінеки 2005 жылы, 7 ақпанда 4  жыл толды. Бұл бағдарламада Қазақстан халықтарының тілдерін  дамытудың стратегиясы 3 негізгі мақсатты айқындайды:
1. Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;
2. Орыс тілінің  жалпы мәдени қызметін сақтау;
3. Этникалық топтардың тілдерін дамыту;
Бұл бағдарлама ҚР-сының Ата Заңының 7, 93-баптарына, 1997 жылғы, 11-шілдедегі “ҚР-сының тіл туралы заңына сәйкес әзірленген”. Дегенмен, қаншама құжаттар, бағдарламалар әзірленіп жатқанымен, осы мемлекеттік тіл өз деңгейінде жүріп жатыр ма деген, күмәнді ой келеді. Бұл орайда, қазақтың ұлы ақыны Ғафу Қайырбековтың қазақ тілінің деңгейі, неміс халқының саксон тілі деңгейіндей болып қалмауы керек деген тұжырымы еске түседі. Сол себепті мемлекеттік тілдің мерейі өсіп, мәртебесі арта беру үшін әр Қазақстан азаматы өз үлесін қосу керек. Мемлекеттік тілдің көркейуіне біздің колледждің ұстаздары, атап айтқанда тіл мен әдебиет әдістемелік пән цикл оқытушылары өз үлестерін қосуда.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай, орта кәсіптік оқу орнында қазақ тілін оқыту, оны жаңа сатыға көтеру, оның мазмұны мен мақсаты келешектегі даму жолын анықтау аса жауапты да күрделі мәселе.
Қазақ тілін оқыту барысында қазақ халқының тарихы, әдебиеті,әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, ғылымы, өнері, ақын-жазушылары және т.б жөніндегі білім жинақталады, жүйеленеді.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытудың сапасын арттыру көптеген факторларға байланысты. Олар білім мазмұны, әдістемелік,мұғалім шеберлігі оқу-материалдық база т.б. Соның ішінде пәннің білім мазмұнын құру басқа факторлардың іргетасы іспеттес. Осы тұрғыда мол ғылыми-әдістемелік тәжірибесі қалыптасқан “Қазақ тілі-атасы” болған, А.Байтұрсынов, Қ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Қ.Мұсабаев атты ғалымдар есімі еске түседі. Пәннің білім мазмұнын түзеудегі классикалық дәстүрін  дамыта отырып, заман талабына сай оны жетілдіріп, жаңа арналарға түсіруде еңбек сіңіріп жүрген мына ғалымдардың мол тәжірибесі бар. Атап айтқанда: Ш.Бектұров, Ф.Оразбаева, Ж.Адамбаева, Ә.Жүнісбек, Б.Құлмағамбетова, т.б.
Бір сөзбен айтқанда, қай пәннің болмаса да білім мазмұны сияқты аталған пәннің білім мазмұны да біржола құрылған немесе құрылатын дүние емес, ол педагогика ғылымы қазанында үнемі қайнап, пісіп, жетілдіріп, динамикалық даму процессінде болады. Ендігі жерде жаңа XXI ғасыр педагогикасының философиясы мүлде өзгеше  пародигманы қажет етуде. Мұнда білім беру үлгісінің объектісі бұрынғыдай тек білім, яғни оқу материалы ғана деп қаралмайды. Білім беру үлгісі, ең алдымен, жеке тұлғаға бағытталып, мынандай міндеттерден түзіледі. Оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, іскерлік саналарын, өз бетінше әрекетшілдігін, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-адамгершілік, экологиялық, дене шынықтыру мәдениетін т.б қалыптастыру және дамыту.
Зерттеулер нәтижесінде қазақ тілін екінші тіл ретінде үйрету үшін пәндік білім мазмұнын құруда тиімді әдістердің бірі модульдік әдіс ұсынды.Б ұл әдіс оқу процессінде ерекше қолайлылық туғызады.
Бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты даму үстінде. Атап айтқанда, интернет желісінің, электронды поштаның өсуі, күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан оқытушы студенттермен нағыз қатынас орната отырып, шығармашылық байланыста болуы керек. Ұстаз-студенттің ішкі жан дүниесіне әсер ететін нағыз тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі, яғни тілді үйретуі тәрбиемен ұштастыру іскерлігі дамып отыруы қажет. Олай болса, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын студенттердің санасына сіңіріп, тәрбиелеу-әр оқытушының міндеті. Ұлы ойшыл Әл-Фараби “Әлеуметтік этикалық трактаттарында” былай дейді: “Тәрбиелеу дегеніміз-халықтың бойында білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту”. Демек, тәрбие тамыры тереңнен алынатын тарихи үрдіс болғандықтан,болашақ мамандарға этикалық,эстетикалық ізгіліктерді орнықтыру әр сабақтың басты міндетіне айналуы тиіс.
Тәуелсіз Қазақстанда өркениетті дамуының азаматтық парызының алтын арқауы-қазақ жеріндегі татутылық пен имандылық. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілі-Қазақстандағы ұлт өкілдерін топтастырушы тіл, үлкен фактор.
Қазақстан Республикасы Елбасының 2001 жылғы 7 ақпанындағы, №550 бұйрық “Тілдерді, қолдану мен табысты жүзеге асырудың неғұрлым маңызды шарттарының бірі, қоғамдағы жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын тілдерді оқытуды толыққанды, жүйесінің тұрақты қызмет етуін ұймдастыру мен қамтамасыз ету болып табылады.Талап етілетін білім мен дағдыны толық әрі терең  игеру үшін барлық оқу орындарында жетекші пән болуы тиіс, мемлекеттік тілді оқытудың саны мен санасына көңіл бөлу керек” деген тұжырымдары бар. Тіл саясаты осындай. Қазақ тілін оқытуда осы тұжырымдарға сүйенеміз.
Қазақ халқы-шынында ақын халық, әнші халық, жыршы халық, тіл байлығы мол халық. Өмір сүрген адамның асқақ арманы, жастық мөлдір махаббаты, нәзік сезімі, сұлу назы, терең мұңы, ыстық сағынышы, көркем сөзі шебер тілмен тізілген. Қазақ тілі-ертедегі Түркі Қағанатының, Алтын Орда заманындағы үстем тіл. Көркем өнерін, мақал-мәтелін, қанатты сөзін, теңеулерін, бейнелі сөзін, өлең сөзін, даналық толғамын, бірін-бірі нұрландыратын нәрлі тіл-қазақтың баба тілі, қазақтың ана тілі.
Еліміз шынайы бостандық алып, қазақ тілінің мәртебесі арта түскен қазіргі шақта осы тілді басқа ұлтқа үйретуші ұстаздардың шәкірт алдындағы жауапкершілігі де күшейе түсті. Әрине, орыс аудиториясында қазақ тілін оқытудың толып жатқан қиындықтары бар екенін, осы іске ат салысып жүрген әріптестерім де жақсы біледі. Осындай қиындықтарға қарамастан мен өзім сүйетін, бұл жауапкершілігі де,  мазмұны да үлкен пәнді барынша қызғылықты да тартымды оқытуға тырысамын. Орыс аудиториясындағы оқытушыларға қазақ тілі сан қилы методикалық амалдар мен әдістерге сүйеніп тиімді өткізуге болады. Әсіресе, қазақ тілінде 9 әріпті, септік жалғауының артықшылығын, екпін түсіру еркшеліктерін үйретудің қиындығы, қазақ тіліне тән шешендік сөздерді орыс тіліне аударуға байланысты туындайтын қайшылықтар қазақ тілі маманын көптеген мәселелелерді өзінше ойланып, шешуін қажет етеді. Міне, өз сабақтарымда әркез қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың айтылуына басты назар аударамын. Сонымен бірге дыбыстардың айтылуы мен мағынасы арасындағы тығыз байланысты да сабақ үстінде ескеріп отыру керек. Сөздердің мағыналы өзгеруі оның айтылуына да әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Қазақ тілі сабағында дыбыстардың жуан,жіңішке, қатаң, ұяң, үнді тағы басқа болып бөлінуін тілдегі үндестік (сингармонизм) заңдарымен ұштастыра оқыту керек.
Дыбыстардың үндесу заңдарын үйрету- қазақ тілінде дұрыс сөйлеудің ең басты шарты. Өйткені, дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, сөздердің өзара байланысу жолдарын білмей тұрып,сөйлем құру мүмкін емес. Осы қиындықтарды жеңіп, оқу процессінде шәкірттерге дұрыс бағдар, бағыт бере білу-ұстаздың тәжірибелігінен, оның өз пәніне деген ықыласын,ой өрісінің кеңділігін көрсетеді. Осы пікірлерімді ортаға сала отырып, әріптестеріме пайда тиіп қалар деген ниетпенен орыс аудиториясында қазақ тілін оқытуда өзім сүйенетін бірқатар тиімді әдістерімді баяндап бермекшімін:
1. Сұрақ-жауап әдісі. Сабақта осы әдісті жиі қолдана отырып,шәкірттердің қазақша ойлау жүйесін дамытуға болады.
2. Суретті пайдалану. Оқушыларды сурет арқылы сөз, сөйлем құрастыруға дағдыландыру үшін өте тиімді әдіс. Әсіресе, әр тақырып бойынша іріктеліп жиналған,  тақырыптық топтама суреттердің берері мол.
3. Аударма Екі тілде де сөйлемді және жазуды жан-жақты үйрететін пайдалы әдіс.
4. Сөзді және сөйлемді толықтыру. Сөздерді құрап айту, әрбір сөздің орысша, қазақша мағынасын түсіндіру, тақтаға және дәптерге қазақша жазуды үйрету ең қиын да күрделі жұмыс. Сөйлем құрау және  сөзді толықтыру әдісін білген ұстаз қазақ тілін тез үйрете алады.
5. Мәтін бойынша сабақ өту әдісі. Бұл әдісті қолдану оңай емес. Себебі мұғалім қос тілде де жақсы сөйлеп, әрі түсіндіре білуі керек. Қазақ тілін жақсы түсіндіре алғанмен, орыс тілін жөнді сөйлей алмаса, мәтінмен де жұмыс істеу қиын.
6. Қайталау. Тіл үйретудің негізгі шартты-әрбір сөзді қазақша көбірек қайталауту, сөйлетіп, жаттықтыра беру.
7. Сөздікпен жұмыс істеу. Сөздік жұмысы оқушылардың қазақша сөздік қорын көбейтіп, ой-өрісін кеңейтеді.
8. Жаттығу әдісі. Оқушыларға тіл үйретудің тиімді әдістерінің бірі. Жаттығу жазбаша және ауызша өткізіледі.
9. Мәнерлеп оқуты. Сөзді, сөйлемді тақтадан, кітаптан, дәптерден дұрыс оқыта білу-қазақ тілін менгеруге септігін тигізері сөзсіз.
10. Әңгімелесу. Екі тілде әңгімелесу арқылы тілімізді үйрету, оқушыларды өз бетінше қазақша сөйлеуге дағдыландыру.
11.Сабақты қызықты түсіндіріп өту. Көрнекті құралдарды орынды пайдаланып, түрлі әдістерді қолдану арқылы сабақты барынша қызғылықты өтуге тырысу керек.
Міне, менің өз пікірімді ортаға салып, әріптестеріме қазақ тілін үйретуге, осы тиімді жолдары пайдаға асса, мен өте қуанышты болып, “бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы” деп ойымды тұжырымдамақшымын.
XXI-ғасырдың оқытушысы қалай болуы керек? Әрине, бұл сұраққа мағыналы жауап жоқ, сірә, болуы мүмкін емес. Бұл пікірмен әркім де келісетін сияқты, себебі оқытушы өте білімді болу керек, тек қана жоғарғы білімділігі басқаларды оқытуға құқық береді. Оқытушы-бұл кәсіпкер, ол әрбір педагогикалық мәселелерді шеше алатын қабілеті бар адам. Сіздер нағыз шындықты білмейсіздер, себебі оқытушы ол әрқашан өзі оқытушы болып есептеледі. Тәжірибелі оқытушылар бұны баяғыда-ақ білген. Білімнің негізгі мақсаты әмбебап, еркін шығармашылықты жеке адам қалыптастыру. Осындай ерекшеліктері бар оқытушы ғана, осы мақсатқа жете алады. Мен, әрине, өзім туралы айта алмаймын, бірақ сөзсіз педагогика саласында кейбір жетістіктерге жеткен сияқтымын. Осы жетістіктерімді өз әріптестерімен бөліскім келеді. Мүмкін, бұл тек қана тәжірибелі оқытушылар арасында ғана емес, біріншіден жас оқытушылар арасында сипаттама табатын сияқты. Өзімнің педагогикалық қызметімдегі негізгі бес принципімді атағым келеді (Концепция — бұл ең басты қызметтің түрі,  негізгі ой).

І.Студенттердің қызығушылығын дамыту принципі.

Оқу процессінде әрбір студенттің қызығушылығын іске асыруға кейде мүмкіндік бола бермейді. Оның көптеген себептері бар: кейбіреулерді пәннің үлкен көлемі қызықтырса, ал кейбіреуін тәжірибелік жағы қызықтырады. Қызықтыру үшін жекелеген тапсырмалар,шығармашық тапсырмалар қолданамын. Көлемі аз қазақ тілінде мәтіндерді оқуға беремін, әрине, кейбір оқушылар мадақтағанды ұнатады. Тексеру кезінде: “Сен ғана бұл мәтінді жақсы оқыдың”, — деген мадақтау сөздерін айтамын.

ІІ.Сенімді қарым-қатынас принципі.

Оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасында сыйластық, сенімділік гармониясысыз мүмкін емес. Қарым-қатынастың сенімді болуы, ұжымдағы психологиялық климаттың жақсы болуының — құралы. Кейбір оқытушылар бұйыру арқылы жұмыстарын іске асырады. Мұндай қарым-қатынас студент пен оқытушының арасында негативті әсерін береді. Сыйластық — бұл ең керекті нәрсе.

ІІІ.Қызығушылықты бірлесе істеу принципі.

Қарым-қатынастың әрбір мүшесі өзінің тілегі, талабы бар. Өзіңнің және студенттің қызығушылығын бірлестіру оңай емес. Келісімге келу үшін, алдымен, екі жақтың талабын анықтап аламын, өзімнің және әңгімелесуші адамның. Сонан соң шектен шығып кетпей, оптималды шешуді іздеймін.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *