Кейінді ықпал төмендегідей жағдайларда байқалады

Кейінді ықпал төмендегідей жағдайларда байқалады
(Регрессивная ассимиляция наблюдается в следующих случаях)
1. –қ-к-п — қатаң дауыссыздарына аяқталған сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, бұл қатаң дауыссыздар ұяңға (-ғ-г-б-) айналады. Жазуда естілуінше жазамыз. (При присоединении к словам, заканчивающимся на глухие -қ-к-б- аффиксов, начинающихся с гласного, то данные глухие звуки озвончаются и превращаются в –ғ-г-б-. При письме пишутся так, как слышатся).
Мысалы: жүрек+і –жүрегі, тарақ+ы –тарағы, доп+ы –добы, тап+а+мын –табамын т.б.
2. Түбірдің соңғы –н- дыбысы –б-п- дыбыстарының алдынан келсе, -н- дыбысы айтуда өзгеріп,
-м- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. (Если последний звук корня -н- предшествует звукам –б-п-, то при произношении звук –н- изменяется и превращается в звук –м-, но при письме не пишется).
Мысалы: сен+бі – сембі, жексен+бі – жексембі, Жан+болат – Жамболат т.б.
3. Түбірдің соңғы –н- дыбысы –к-қ-г-ғ- дыбыстарының алдынан келсе, айтуда –н- дыбысы өзгеріп,

-ң- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. (Если последний звук корня –н- предшествует звукам –к-қ-г-ғ-, то при произношении звук –н- изменяется и превращается в звук –ң-, но при письме не пишется). Мысалы: түн+гі –түңгі, сән+қой – сәңқой, Аман+гүл – Амаңгүл т.б.
4. Түбірдің соңғы дыбысы –с-з- дыбыстарының бірі –ш – дыбысының алдынан келсе, ол екеуі айтылуда
–ш — дыбысына айналып кетеді, жазуда бұл еленбейді. (Если последний звук корня –с-з- предшествует звуку –ш-, то при произношении данные звуки превращаются в звук –ш-, но при письме это не учитывается). Мысалы: колхоз+шы – колхошшы, жұмыс+шы – жұмышшы, жаз+шы – жашшы т.б.
5. Түбір сөздің соңғы –з- дыбысы –с- дыбысының алдынан келсе, -з- дыбысы –с- дыбысына айналады, жазуда бұл еленбейді. (Если последний звук корня –з- предшествует звуку –с-, то звук –з- превращается в звук –с-, но при письме это не учитывается).
Мысалы: жаз+са-жасса, тұз+сыз-тұссыз, көз сал – көс сал.
6. Алғашқы сөздің соңғы дыбысы –з- болып, одан кейінгі сөз –ж- дыбысынан басталса, -з- дыбысы
–ж- дыбысына айналады, бірақ жазуда еленбейді. (Если последний звук начального слова заканчивается на –з-, а последующее слово начинается со звука –ж-, то звук –з- превращается в звук –ж-, но при письме
не учитывается). Мысалы: Боз+жігіт — Божжігіт, Ораз+жан — Оражжан, боз жорға — бож жорға т.б.

Тоғыспалы ықпал – сөз тіркестерінің, біріккен сөздердің құрамында көршілес дыбыстардың бір-біріне ілгері-кейінді әсер етуі. Бірақ бұл құбылыс жазуда ескерілмейді. (Прогрессивно-регрессивная ассимиляция – это взаимное уподобление соседних звуков. Но это явление при письме не учитывается).

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *