Көсемше (Деепричастие)

КӨСЕМШЕ (деепричастие)
Бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқарады. (Выполняет функции то наречия, то глагола)

Етістік (глагол)
Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіреді. (обозначает образ действия, имея личные окончания или в сочетании со вспомогательным глаголом)

Жұрнақтары:1. –а-е-й /ауыспалы өт. шақ/
/перех. наст. время/
2. –ып-іп-п /өткен шақ/
/прош. время/
3. –ғалы-гелі-қалы-келі
/мақсат мағына білдіреді/
/значение цели/
-ғанша-генше-қанша-кенше
/мезгіл мағына білдіреді/
/значение времени/

Пример:
1.бар+а+ды, кел+е+ді
2.бар+ып, кел+іп
3.бар+ғалы,
кел+гелі,
бар+ғанша,
кел+генше

Үстеу (нареч)
Іс-әрекеттің жай-күйін білдіреді. (обозначает причину, цель, характер, качество действия)

Жұрнақтары:
1. –а-е-й /ауыспалы өт. шақ/
/перех. наст. время/
2. –ып-іп-п /өткен шақ/
/прош. время/
3. –ғалы-гелі-қалы-келі
/мақсат мағына білдіреді/
/значение цели/
-ғанша-генше-қанша-кенше
/мезгіл мағына білдіреді/
/значение времени/

Мысалы:

1.бар+а+ды, кел+е+ді
2.бар+ып, кел+іп
3.бар+ғалы,
кел+гелі,
бар+ғанша,
кел+генше

Көсемшенің сөйлемдегі қызметі (функция деепричастия в предложении)

Пысықтауыш : Барлық қосымша арқылы пайда болып, пысықтауыш бола алады. Көбіне  баяндауыштың алдында келеді. (Обстоятельством могут быть деепричастия,  образованные с помощью всех аффиксов. Как правило, находится перед казуемым)  Мысалы: Мен айт+қалы келдім.Баяндауыш: -ып-іп-п- жұрнақтарын иеленіп, баяндауыш болады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің  бір бөлігінде де баяндауыш қызметін атқара алады.  (Сказуемым могут быть деепричастия на –ып-іп-п-, принимающие личные  окончания. Также в одной из частей СПП)
Мысалы: Марат жұмысқа бар+ып келді. Түнде жаңбыр жау+ып+ты. Ол айт+а салды.

Көсемшенің үш түрі бар (Есть три вида деепричастия)
1. Ауыспалы осы шақтық көсемше. (Деепричастие переходного настоящего времени).
2. Өткен шақтық көсемше. (Деепричастие прошедшего времени).
3. Келер шақтық көсемше. (Деепричастие будущего времени).

1. Ауыспалы осы шақтық көсемше: Етістіктің бастапқы түріне және етіс түріне –а-е-й-  (переходное настоящее время) жұрнақтары қосылады. (К начальной форме глагола и залогу прибавляются  данные суффиксы) Мысалы: сал+а, ер+е, көр+е, сөйле+й т.б.

2. Өткен шақтық көсемше: Етістіктің бастапқы түріне және етіс түріне – ып-іп-п- жұрнақтары
(прошедшее время) қосылады. (К начальной форме глагола и залогу прибавляются данные
суффиксы)Мысалы: сал+ып, ер+іп, көр+іп, сөйле+п, болғыз+ып т.б.

3. Келер шақтық көсемше: Етістіктің бастапқы түріне және етіс түріне –ғалы-гелі-қалы-келі-
( будущее время) жұрнақтары қосылады. (К начальной форме глагола и залогу прибавляются
данные суффиксы) Мысалы: сал+ғалы, ег+гелі, болғыз+ғалы т.б.
Келер шақтық көсемше –отыр-жатыр-тұр-жүр- етістіктермен тіркессе,негізгі етіс болады.  Мысалы: барғалы отыр.
Келер шақтық көсемше құрмалас сөйлемнің құрамында келгенде, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып, мезгілді білдіреді. (Деепричастие будущего времени в сочетании со словами -отыр-жатыр-тұр-жүр- выполняет функцию основного залога. В составе СП деепричастие будущего времени является сказуемым подчинительной части и выражает время действия)
Мысалы: Ол кеткелі менде маза жоқ.

Ескерту(примечание): Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулары жалғанбайды. (К деепричастию не присоединяются окончания множественности, падежей, притяжательности)

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *