Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады (Сложносокращенные слова образуются 4 способами)

Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады
(Сложносокращенные слова образуются 4 способами)
1. Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы арқылы. (С помощью заглавных букв сложных названий). Мысалы: Қазақстан Республикасы – ҚР, Біріккен Ұлттар ұйымы – БҰҰ т.б.
Ескерту: Бұған өлшем атаулары бағынбайды(меры веса не подчиняются): м – метр, кг – килограмм т.б.
2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбыстары арқылы.
(С помощью начального слога первого слова и заглавных букв последующих слов сложного наименования). Мысалы: Қазақ ұлттық университеті – ҚазҰУ, Қазақстан медицина институты – ҚазМИ т.б.
3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буындары арқылы.(С помощью начальных слогов сложных наименований). Мысалы: филологиялық факультет – филфак т.б.
4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны алынып, келесі сөз түгел айтылу арқылы.
(С помощью начального слога первого слова и последующего целого слова).
Мысалы: педагогикалық колледж – педколледж, медициналық пункт – медпункт т.б.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *