Лексика

Лексика – бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Оны сөздік құрамы деп атайды. (Лексика – означает понятие совокупности всех слов в языке.Его называют состав слова).
Лексикология – лексиканы, яғни сөз байлығын тексеретін ғылым.
(Наука, изучающая лексику, то есть словарный запас).
Семасиология – сөз мағынасын тексеретін ғылым.
(Наука, изучающая значение слова).
Этимология –сөздердің шығу төркінің тексеретін ғылым. (Наука, изучающая происхождение слов).
Лингвистика –тіл білімі. (Языкознание)
Лексикография- тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасаумен айналысатын ғылым.
(Наука, занимающаяся систематизацией слов и составлением словарей).
Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейді.
(Изучает устойчивые сочетания в языке).
Топонимика – тұтасынан алғанда, жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді.
(Наука, изучающая названия местностей, водоемов, городов, сел, населенных пунктов).
Антропонимика – кісінің фамилиясын, әкесінің атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарды қарастыратын сала.
(Раздел лексики, рассматривающий имена, фамилии и отчества людей, псевдонимы, вымышленные имена).

Лексика зерттейтін тақырыптар (Темы, изучающая лексика)

Жалпы қолданыстағы сөздер (Общеупотребительные слова) 1.күнделікті өмірде  қолданылатын сөздер.
(слова повседневного употребления)

Қолдану аясы шектеулі сөздер (Слова, ограниченные в употреблении)
1. архаизм
2. историзм
3. неологизм
4. диалект сөз
5. термин сөз
6. кәсіби сөз (профес)
7. табу сөз (запрет)
8. кірме сөз (заимств)
9. эвфемизм
10.дисфемизм

Қанатты сөздер (Крылатые фразы)
1. тұрақты сөз тіркесі
(устойчивые сочетания)
2. идиома
3. мақал-мәтел (посл-погов)
4. нақыл сөз (афоризм)

Сөздің лексикалық мағыналары (Лексические значения слов)

1. сөздің тура
мағынасы (прямое
значение слова)
2. сөздің ауыспалы
мағынасы (перенос
значение слова)
3. полисемия
4. омоним
5. антоним
6. синоним

Мағына ұғым — сөздің я сөйлемнің білдіретін ұғымы. (Значение слова или предложения).
Тура мағына – сөздің алғашқы, қалыпты мағынасы. (Прямое значение – это первоначальное значение слова). Мысалы: алтын сақина, қызыл ту, адамның оң қолы
Ауыспалы мағына – сөздің алғашқы, қалыпты мағынасының ауысып қолданылуы.
(Переносное значение- использование первоначального понятия слова в другом значении).
Мысалы: алтын адам, қызыл бет, Махамбет Исатайдың оң қолы
Көп мағыналы сөз (полисемия) – бірнеше мағынада қолданылатын сөз.
(Многозначные слова – слова, имеющие несколько значений).

Мысалы: Айып – вина, проступок,провинность (айыбын анықтау-обнаружить его вину).
штраф (айып төлеу – оплатить штраф, айып салу — наложить штраф).
Омонимдер – айтылуы және жазылуы бірдей, мағыналары бөлек сөздер.
(Омонимы- слова,которые звучат и пишутся одинаково, но имеют разные лексические значения).
Мысалы: жаз – лето, жаз – пиши, жаз – стели, жаз – вылечи т.б.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздерінің айырмашылығы
(Различие между омонимами и многозначными словами)
Мағыналары бір-біріне жақын болса, ол көп мағыналы сөздер.
(Если слова близки по значению, то они многозначные слова). Мысалы: бас-адамның дене мүшесі /голова человека/, бас – іс-әрекеттің басталатын жері /начало какого-то действия/, бас – бір заттың төбесі /вершина чего-то, бас – басқарушы /начальник/
Мағыналары бір-бірінен мүлде қашық болса, ол омоним болады.
(Если значения слов вообще далеки друг от друга, то это омонимы).Мысалы: бас – адамның дене мүшесі /голова человека/, бас – етістік /глагол/. Екі сөз екі сөз таптарына жатады, араларында ешқандай мағыналық байланыс жоқ. (Два слова относятся к разным частям речи и между ними нет лексической связи).
Синонимдер – айтылуы, естілуі, жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
(Синонимы – слова, которые звучат, слышатся и пишутся по разному, но по значению близки друг другу). Мысалы: адам-кісі, ел-халық, шәкірт-оқушы, қап-қапшық, үлкен-зор т.б.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *