Озон қабатын қорғау

Атмосфера-ауа,химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүруінің шарты және метерологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекеленген компоненттерінің қатынасы оның радиацияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайтын.
Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдам араласуы мен үлкен арақашықтыққа орын ауыстыру,басқа сферамен, әсірісе мұхитпен байланысы жатады. Адам атмосфераны әр түрлі параметрлеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру электромагниттік және тағы басқасы әсер ететін.
Атмосфераның озон мәселесі адам қызметтеріне қатысты өзара байланысты екң аспектісі бар;жоғары қабаттағы бұзылу және жер маңы кеңістігіндегі концентрациясының артуы.
Озон қабаты полюстерде 9-30 км,экваторда -18-32 км биіктікте орналасқан.Ондағы озонның концентрациясы 0,01-0,06мг/м.Егер қабаттағы озонды таза күйде бөліп алса,оның қалындығы 3-5 мм құрайды.Озонның мөлшері сантаметрмен немесе Дапсон бірлігімен есептеледі.
Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегң молекуласының ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі.Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі.Бір уақытта озон молекулаларының ыдырап ,оттегіге айналу процесі жүреді.Реакция жүруінің шарты ультракүлгін сәулелердің болуы және олардың инфрақызыл жылулық сәулелерге айналуы болып табылады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшері кемуі байқалады.Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему үш пайызды құрайды.Мәліметтер бойынша озонның бір пайызға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауыру деңгейін бес-жеті пайызға арттырады.
Озонның  ең көп мөлшері Антарктиданың үстінде жойылған.Мұңда соңғы отыз жылда озонның мөлшері қырық-елу пайызға кеміген.Озонның концентрациясы кемуі нәтижесінде түзілген кеңістікті озон тесіктері деп атайды.Тесіктің көлемі жылына төрт пайызға артып отыр.Қазіргі кездегі оның мөлшері АҚШ-тың көлемінен артық.Сонымен қатар,көшіп жүретін тесіктердің пайда болуы жиілеп барады.Озон тесігінің пайда болу себептері әлі де болса толық анықталмаған.Олар алғаш рет осы ғасырдың сексенінші жылдары байқалған.Аз уақыттық бақылау қандай да бір нақты қорытынды жасауға мүнкіндік бермейді.
Қазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып табылады.Бұл хлорфтар –көміртектер бөлме температурасында қайнайды.Олар тоңазытқыш құрылғыларда,әр түрлі балландарда тасымалдаушы –газ ретінде қолданылады.Қазіргі кездегі фреондардың мөлшерін кеміту және болашаққа өңдіруді тоқтатуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.Көптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін елу пайыз кеміту және оларды басқа пропилленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.Бірақ,жоғары дәрежеде тұрақтылығына байланысты фреондар атмосферада өте ұзақ уақыт сақтала алады.Бірқатар елдерде АҚШ,Ұлыбритания,Франция фреондар гидрохлорфтор көміртек немесе гидрофтардың алмастырылуда.
Озон қабаты интенсивті түрде көктемде бұзыла бастайды.Себебі қыстағы төмен температура мен бұлттылықтың артуы фреондардың құрамындағы хлордың бөлініп шығуына әкеледі.Ал көктемдегі температураның жоғарылауы хлордың озонға әсерін арттырады.
Поляр маңы аймақтарындағы озон қабатының интенсивті түрде бұзылуын осы аудандағы озонның бұзылуына себепкер хлордың метанды топпен аз мөлшеріе жабылуымен түсіндіріледі.Соңғы жылдары ғалымдавр озон тесіктерінің пайда болуы адам қызметіне байланысты емес деген пікірлерді жиі айтып жүр.Ғалымдар бұған ұқсас құбылыстардың ертеде де орын алғанын және олар тек  табиғи процестерге байланысты,соның ішінде күн белсенділігінің он бір жылдық циклімен ,екені туралы жорамал айтады.
Озон қабатының бұзылуының тағы бір себебі, ретінде атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.Сонымен қатар ,Антарктиданың үстінде озонның тарлуына әкелетін жоғары қарай бағытталған жерлердің болуы туралы да пікірлер айтылуда.
Атмосфераның төменгі қабаттарындаозон күшті антитоксикант және бактериоцид болып табылады.Ол жағымсыз иістерді,кейбір канцерогенді заттарды бұзуға қабілетті.Бірақ,жоғары концентрацияда күшті у болып табылады.Адамда ол тыныс алуды қиындатады,көзді тітіркіндіреді,өсімдіктердің ассимиляциялық аппаратын зақымдап,хлорофиллді бұзады.
ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында атмосфера қабатында озонның кейбір жерлерде жұқаруы байқалады.Мәселен,1987-шы жылы Антарктида тұсында байқалып озонның мөлшері күрт азайып,ол жеті млн км2 аумақты қамтыған.Ал осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында байқалған.Осыған байланысты БҰҰ жанынан ғылыми кеңес құрылып «озонның жұқару» себебін зерттеу басталды.Нәтижесінде, оның негізгі көзі – хлорфторкөміртектік (фреондар) қосылыстар екені анықталды.Осы химиялық қосылыс атмосфераға көтеріліп, фотохимиялық ыдырауларға ұшырып, хлор тотығын түзеді.Ол өз кезегіндегі озон молекуласын ыдыратып жойып отырады.Нәтижесінде озонның жұқару процессі басталып, костостан келетін зиянды ультракүлгін сәулелердің еркін өтуіне жол беріліп, бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлеметі бойынша атмосферадағы  озонның бір пайызға азаюы ісік ауруларын көбейтіп жіберетіні анықталған, адам баласының иммундық қорғаныс қабілетін кемітіп, жұқпалы аурулардың меңдеп кетуіне жол ашатыны дәлелденген.Осыған орай 1985 жылы озон проблемасын шешу үшін халықаралық Конфенция қабылданды.Оның мақсаты – озон қабатың бүлдіретін заттарды шығаруды тоқтату, осы бағытта Ресей мен ТМД елдерінің біріккен ғалымдар ұжымы еңбек етуде.

Жоспар
1. Атмосфера-туралы түсінік.
2. Озон қабатының жұқаруы.
3. Озон қабатының алдын алу шаралары.
4. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі.
ейсенова,«Экология және табиғатты тиімді пайдалану».
2. Ж.Жатқанбаев,«Экология негіздері».
3. Ж.Ақпасова,«Экология».
4. Қуатпаев,«Жалпы Экология»

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *