Сабақтас құрмалас сөйлем бойынша тест № 2

1. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.
В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтақтан қонып, шықылықтай берді.
С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.
Д) Сәкен екі-үш күнге дейін үйін көрмеді.
Е) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.
2. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұнын аяғы жақсылықпен тынбас еді.
В) Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойым тік тұрды.
С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр.
Д) Мен айтсам, ерегісіп тыңдамайды.
Е) Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.
3. Шартты бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге арқалықтар тегіс тиіп тұру керек.
В) Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.
С) Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
Д) Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.
Е) Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, көптің бірі болып біз де араласып кетеміз.
4. Сабақтастың қай түрі?
«Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып
тұрады».
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қимыл-сын бағыныңқы
Д) шартты бағыныңқы Е) себеп бағыныңқы
5. Бағыныңқысының баяндауышы «ғанмен» тұлғалы сабақтастың қай түрі болады?
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы С) қарсылықты бағыныңқы
Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы
6. Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты.
В) Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қанталайды.
С) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.
Д) Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек.
Е) Қолынан келер басқа жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат берді.

7. Мезгіл бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де шаршады.
В) Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, қуанып Майра келді.
С) Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен.
Д) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.
Е) Аяжан тыңдасын деп, теледидардың дауысын күшейттім.
8. Қимыл-сын бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жанар отырған жерге барды.
В) Сәкеннің сәлемін айтқанда, Имантай жылы жымиды.
С) Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты.
Д) Көктемнің желі соға бастасымен, маңайдағы қар ери бастады.
Е) Ербол біліп қоймасын деп, Әлібек әдейі үндемеді.
9. Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын.
В) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз сайдың ішімен кеттік.
С) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.
Д) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп отты жандырды.
Е) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келді.
10. Аралас құрмаластың құрамында қарсылық мәнді сөйлем болса, қандай тыныс белгісі қойылады?
А) үтір В) нүктелі үтір С) қос нүкте Д) сызықша Е) үтір және сызықша

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *