Салалас құрмалас сөйлемі бойынша тест № 3

1. Жалғаулықты ыңғайлас салаласты табыңыз.
А) Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген.
В) Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.
С) Арман айтқан да жоқ , қасындағылары сұрай алған да жоқ.
Д) Ән салшы бір, Зәуреш, қарағым.
Е) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2. Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың
түрі қайсы?
А) ыңғайлас В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) кезектес Е) талғаулы
3. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.
«Қазақ жері көп еді,-
Жер пайдасын білетін
Білімді ері жоқ еді.»
А) ыңғайлас В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) түсіндірмелі Е) талғаулы
4. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.
«Менің артымнан тағы бір қыз туады, сондықтан әке-шешем атын Балтуған қояды.»
А) ыңғайлас В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) түсіндірмелі Е) талғаулы
5. Ыңғайлас салаласты табыңыз.
А) Олар күзде және көктемде еш босамайды.
В) Жаңбыр да жауды, от та сөнді.
С) Біздің сынып кең әрі жарық.
Д) Ол бөлмеге кірді де отыра кетті.
Е) Ол жаза біледі және оқи біледі.
6. Себеп-салдар салаласты табыңыз.
А) Қар жауды, күн суытты.
В) Мен қорықпаймын, қорықпайтыным әжем кеше сұрап алған.
С) Күн бата мал шеті де көрінді, боран да күшейіп кетті.
Д) Ол үйге кіріп еді, ешкім жоқ екен.
Е) Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
7. Төмендегілер қай сөйлемде қолданылады?
«өйткенмен, сөйткенмен, солай болғанмен»
А) ыңғайлас В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) түсіндірмелі Е) талғаулы
8. Талғаулы жылғаулықты табыңыз.
А) солай бола тұрса да В) біресе С) мейлі Д) сондықтан Е) сол себепті
9. Талғаулы салаласты табыңыз.
А) Оның үсті-басын тінтіп шықты, — кәмпит атаулыдан ештеңе жоқ.
В) Мұнда ертерек кел, болмаса ініңді жібер.
С) Ат аспанға екі аяғын көтерді, енді бірде екі құлағын түріп тұра қалды.
Д) Жол ұзақ , сол үшін жатып демалуымыз керек.
Е) Жаз жаңбырлы болып, егінге құрт түсті.
10. Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.
«Мені жіберген жоқ , өзім кеттім.»
А) ыңғайлас В) қарсылықты С) себеп-салдар Д) түсіндірмелі Е) талғаулы

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *