Сан есімге байланысты тест тапсырмалары № 2

Сан есімге байланысты тест тапсырмалары № 2
1. «жарты, жарым, ширек» сөздері қалай жазылады?
А) Сан есім сөзбен бірге жазылады. В) Бөлек жазылады. С) Дефис арқылы жазылады.
Д) Сызықша арқылы жазылады. Е) Үтір арқылы жазылады.
2. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?
А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу Д) төрт мыңға жуық Е) үш төрт
3. Емлеге сай жазылған сан есімді табыңыз.
А) Алты бүтін – үштен екі. В) 4-мыңға жуық. С) 6-ны 2-ге бөл.
Д) 20 30 жан. Е) 60 тай.
4. Сан есімнің қай түрінде –ау-еу- жұрнағы жалғанғанда, түбірдегі -ы-і түсіп қалады?
А) жинақтық В) реттік С) болжалдық Д) топтау Е) бөлшектік
5. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш
Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
6. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?
А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау
7. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? «Олар үштерде келеді.»
А) анықтауыш В) толықтауыш С) пысықтауыш
Д) бастауыш Е) баяндауыш
8. Топтау сан есімдерінің сөйлемде атқаратын қызметін белгілеңіз.
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш
9. – ншы жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.
А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың
10. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?
А) Х-сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды.

4 голоса

Один комментарий

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *