Шылауларға байланысты тест тапсырмалары № 2

Шылауларға байланысты тест тапсырмалары № 2
1. Сұраулық демеулік шылаудың жіктік жалғауынан бұрын келуі қай сөйлемде кездеседі?
А) Асан мен Үсен ауылдан адасып қалды.
В) Екі күннен соң ауыл Шыңғысқа көшті.
С) Қайық аударылып, адамдары суға батады-мыс.
Д) Бірде зарлы, бірде назды нақышпен айтып шықты.
Е) Қоянға шығамысың?
2. Бірыңғай септеулік шылаулар қатарын көрсетіңіз.
А) әрі, бері, гөрі В) не, я, да С) –ды, -мыс, -ау Д) мен, пен, бен Е) қой, ғана, ше
3. «гөрі» сөзі шылаудың қай түріне жатады?
А) қарсылықты жалғаулық В) шектеу демеулік С) шығыс септігіне қатысты септеулік
Д) талғаулы жалғаулық Е) болымсыздық демеулік
4. Шектеу демеулікті табыңыз.
А) Бұрын бір шал болыпты-мыс. В) Ол үйіне ерте келген-ді. С) Қоңырау соғылып қалса ше?
Д) Ол түгіл мені таныған жоқ. Е) Мен-ақ сабаққа бармадым.
5. Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.
А) Бұдан әрі оның тыңдауға шамасы келмеді. В) Ол тәрбиелі әрі жігерлі.
С) Ол Маратқа алма берді. Д) Тек кейде бұршақ жауады.
Е) Сол сияқты балалар өте көп.
6. Синонимдес шылауларды көрсетіңіз.
А) бірге, бірақ В) әрі, гөрі С) сондықтан, өйткені Д) я, не Е) –мыс, -ты
7. Сұрау демеулікті көрсетіңіз.
А) Сабақтан қал (ма). В) Кітап оқы (ма). С) Көшедегі аялда (ма).
Д) Аздап қарамай (ма). Е) Жар (ма) – талқан.
8. Сөйлемде қандай шылау қатысқан? «Оның кітабы соғыс туралы ма екен?»
А) жалғаулық-демеулік В) септеулік-демеулік С) жалғаулық-септеулік
Д) демеулік-септеулік Е) септеулік-жалғаулық
9. Орфоэпия бойынша жазылған шылауды табыңыз.
А) Бұны әкеме айтпай-ақ қой. В) Менімен бірге қыдырасың ба? С) Бұдан былай сабақтан қалма.
Д) Жаздан гейін күз келеді. Е) Қарағым-ау, тезірек жауап берсейші.
10. Бірыңғай мүшені байланыстырған шылауды табыңыз.
А) Олар кеше де жарысқа кеткен еді.
В) Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан.
С) Содан бері қаншама жылдар өтті.
Д) Үлкен өзендер, әсіресе, Сыр өзені егістікке көп пайдалы.
Е) Олар жазда да осы қалыптарынан тайынбайды.

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *