Синтаксистік талдау үлгілері (Примеры синтаксического разбора)

Синтаксистік талдау үлгілері (примеры синтаксического разбора)

Жай сөйлем (простое предложение) Тымақтың түрілмеген құлағы жағын сабалап, шекпенінің етегі
делдие түсіп, еңкелей басып Омар Маратты қуып жетті.
қуып жетті – күрделі етістік , күрделі баяндауыш, /не істеді?/;
(сложный глагол, сложное сказуемое,что сделал?)
Омар – жалқы есім, дара бастауыш, / кім?/; (собственное имя, простое подлежащее, кто?)
Маратты – жалқы есім, дара, тура толықтауыш /кімді?/; (собств.имя, прямое дополнение, кого?)
құлағы сабалап – үйірлі пысықтауыш, амал пысықтауыш, /қалай?/
(составное объстоятельство, образа действия, как?)
жағын – жалпы есімнен болған дара,тура толықтауыш, /несін?/;
(нариц.имя «жақ», простое, прямое дополнение, что?)
шекпенінің етегі делдие түсіп — үйірлі амал пысықтауыш, /қалай?/;
(составное объстоятельство образа действия, как?)
еңкелей басып – күрделі амал пысықтауыш, /қалай?/; (сложное обстоят. обр.действия, как?)

құлағы сабалап, шекпенінің етегі делдие түсіп, еңкелей басып – бірыңғай амал пысықтауыштар.
(данные сочетания однородные обстоятельства образа действия):
түрілмеген – есімше, дара анықтауыш, /қандай?/; (причастие, простое определение, какой?):
тымақтың – зат есім, ілік септікте, дара анықтауыш, /ненің?/:
(существительное в родительном падеже, простое определение, чего?)

Салалас құрмалас сөйлем (сложносочиненное предложение)
Дәулет нағыз мерген екен: бір топ жігіт ертіп аңға шығып қайтып еді, қасындағы серіктерінің бәрі қайран қалып келді.
Көп сыңарлы (үш сыңарлы) СҚС. Бірінші сыңары — Дәулет нағыз мерген екен , екінші сыңары — бір топ жігіт ертіп аңға шығып қайтып еді, үшінші сыңары — қасындағы серіктерінің бәрі қайран қалып келді.
Соңғы екі сыңары бірінші сыңарды түсіндіріп түр, сондықтан бұл сөйлем – түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем.
(ССП с тремя прстыми предложениями. Первое — Дәулет нағыз мерген екен, второе и третье – поясняют первое предложение, поэтому это предложение – пояснительное ССП).

Сабақтас құрмалас сөйлем (сложноподчиненное предложение)
Жіңішке өзенмен қатар, бұлақ бастаулары мол, шалғыны қалың кең жайлау болғандықтан, бұл қонысқа Абай аулымен ілесе көшіп келген ауылдар аса көп.
Хабарлы сөйлем.(повествовательное предложение).
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. (СПП с придаточным причины).
Жіңішке өзенмен қатар, бұлақ бастаулары мол, шалғыны қалың кең жайлау болғандықтан – бағыныңқы сыңар (придаточная часть);
баяндауышы -ғандықтан- тұлғасы арқылы жасалып тұр; баяндауыш – құрама етістік.
(сказуемое выражено данными аффиксами, составное сказуемое)
Бұл сыңар себепті білдіреді (придаточная часть указывает причину)
Бұл қонысқа Абай аулымен ілесе көшіп келген ауылдар аса көп – басыңқы сыңар (главная часть); баяндауышы — тиянақты тұлғада тұр (сказуемое конкретизировано)
Бұл сыңар салдарды білдіреді (эта часть выражает следствие причины).

4 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *