Сөйлем мүшелері (Члены предложения)

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ (Члены предложения)
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөйлем. Сөйлем мүшелері екі топқа бөлінеді: тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер. (Члены предложения – полнозначные слова, выполняющие определенные синтаксические функции и отвечающие на определенные вопросы. Члены предложения делятся на две группы: главные члены и второстепенные члены предложения).

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (главные члены предложения)
Сөйлем құрауға негіз болады. (Предикативый центр предложения)
Бастауыш: іс-әрекеттің, белгінің иесі, сөйлемнің негізі. Грамматикалық тұлғасы — атау септігі. Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер? кімім? нем? қайсысы? қаншасы? нешеуі? нешесі? т.б. Бастауыш қызметін атқара беретін сөз таптары: сын есім, сан есім, етістіктің есімше түрі, есімдік, үстеу, шылау сөздер.
Бастауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді:
— дара бастауыш атау септігіндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, үстеу, көмекші есім тұлғалары болады.
— күрделі бастауыш синтаксистік бір мағына беретін сөз тіркесі бола алады:
а) күрделі жалқы есімдер тіркесі
б) ілік септігі жалғауы мен тәуелдік жалғаулы сөздер тіркесі
в) күрделі сын есімдер тіркесі
г) әр түрлі есімдер тіркесі
д) күрделі сан есімдер тіркесі
е) жіктік және өздік есімдіктер тіркесі
ж) негізгі етістік және көмекші етістік тіркесі т.б.
(Подлежащее – называет субъект действия или предмет, предикативный центр предложения. Основная грамматическая форма – именительый падеж. Вопросы: кто? что? сколько? и т.д. Функцию подлежащего могут выполнять и имена прилагательное, числительное, причастие, местоимение, наречие и т.п.
Подлежащее может быть выражено отдельными словами и словосочетаниями:
— простое подлежащее представлено именем существительным, прилагательным, числительным, местоимением, причастием, наречием, служебными словами в именительном падеже.
— сложное подлежащее представлено словосочетанием, передающим синтаксически единое понятие
а) сочетание собственных имен: Герой Труда Ыбырай Жакаев марапатталды.
б) сочетание слова в родительном падеже и слова с притяжательным окончанием:
Ауылдың маңы көрініп тұр.
в) сложные прилагательные: Көк шолақ сонша саспады.
г) сочетание разных имен: Марат екеуі көп әңгімелесті.
д) сложные числительные: Жүз елу екі үшке бөлінбейді.
е) сочетание личного и возвратного местоимения: Мен өзім ерте келдім:
ж) сочетание основного и вспомогательных глаголов: Сұрап отырғаны – нан. и т.п.)
Мысалы: Жазда күн өте ыстық болды. – зат есім. Жақсы ісімен жақсы. – сын есім.
Үшеуі ойланып қалды. – сан есім. Бұл қай елдің баласы? – есімдік.
Отырғандар бұрылып маған қарады. – есімше.

Баяндауыш: бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, қасиетін көрсететін сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. Грамматикалық тұлғасы – негізінен жақтық және жақсыз етістік түрлері.
Сұрақтары: не істеді? не істейді? не қылды? не етеді? қайтеді? кімі? несі? кімнің? кімбіз? кімсің? қандай? қалай? қайтып? қанша? т.б. Баяндауыш қызметін барлық есімдер және көмекші сөздер атқара алады.
Баяндауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді:
— дара баяндауыш бір сөзден тұрады
— күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден жасалады:
а) күрделі етістіктерден жасалады
б) есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесінен жасалады
в) ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғау жалғанған сөздің тіркесінен болады
г) күрделі сан есімнен болады
д) күрделі атаулардан жасалады
(Сказуемое – главный член предложения, связанный с подлежащим и выражающий действие, признак, состояние предмета, обозначенного в подлежащем. Грамматическая форма – в основном личные и неличные формы глагола. Вопросы: перечислены выше. Сказуемым могут быть все знаменательные части речи и некоторые служебные слова.
Сказуемое может быть выражено отдельными словами и словосочетаниями:
— простое сказуемое состоит из одного слова:
— составное сказуемое выражается одним или несколькими словами:
а) сочетание нескольких глаголов: Ол жұмысын бітіруге айналды.
б) сочетание именных частей и вспомогательных глаголов
в) сочетание слова в родительном падеже и слова с притяжательным окончанием:
Танабай аулы – ауданның орталығы.
г) сложные числительные: Бес жерде бес – жиырма бес.
д) сочетание разных имен: Қонақтардың бірі – форма киген студент Ораз.

Мысалы: Мен көршінің ұлымын.- зат есім. Азамат Шәрипаны ертіп шықты. – етістік.
Ай жарық. – сын есім. Мен осындамын. – үстеу. Білетінің – бір тоғыз.-сан есім.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *