Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тест № 1

1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сан есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін
қандай тыныс белгісі қойылады?
А) үтір В) қос нүкте С) сызықша Д) нүкте Е) сызықша және үтір
2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау тұлғалы сан есімнен болғанда, екеуінің арасына
қандай белгі қойылады?
А) сызықша қойылады В) тыныс белгісі қойылмайды С) қос нүкте қойылады
Д) сызықша және үтір қойылады Е) үтір қойылады
3. Бірыңғай анықтауышты табыңыз.
А) Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.
В) Шаршаған кішкентай боталар артта қалып қойды.
С) Біз таудың ең биік шыңына шықтық.
Д) Мырзабайдың баласы ақылды, бірақ еріншек.
Е) Кең әрі ұзын көшелер қалаға көркін беріп тұр.
4. Күрделі анықтауышты табыңыз.
А) Аласа үйден түтін шығып жатыр.
В) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
С) Біраздан кейін іштен қара торы жігіт шықты.
Д) Далада кішкентай балалар ойнап жұр.
Е) Шалғай ауылдарда жарық сөніп қалды.
5. Анықтауыштың белгісін табыңыз.
А) анықтайтын сөзімен қабыса байланысады.
В) анықтайтын сөзінен кейін орналасады.
С) анықтайтын сөзімен бірдей сұраққа жауап береді.
Д) анықтайтын сөзімен бірдей сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
Е) анықтайтын сөзінен үтір арқылы ажыратылады.
6. Дара анықтауышты табыңыз.
А) Қалың қардың үстінде іздер жатыр.
В) Дала жып-жылы болып тұр.
С) Ол тонынан мылтықты суырып алды.
Д) Сыныбымыз кең.
Е) Көк ала бұлт аспанды қаптады.
7. Анықтауышты табыңыз.
А) Мұнда, оңтүстік өңірде, қыс жылы болады.
В) Қыста, яғни қаңтарда, демалысқа шығамыз.
С) Асан ақын үндемеді.
Д) Қыстың қақаған аязында аң аулауға кетті.
Е) Асан биыл мектепке барады.
8. Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?
А) пысықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш Д) толықтауыш Е) баяндауыш
9. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.
А) есім сөздер В) бастауыш, баяндауыш С) толықтауыш, пысықтауыш
Д) одағай, шылау Е) анықтауыш, қыстырма сөздер
10. Есімшеден жасалған бастауышты табыңыз.
А) Ербол қыстауды әлі таба алмай келеді. В) Жақсы – ісімен жақсы.
С) Жығылған күреске тоймайды.
Д) Басында құндыздаған қара пұшпақ бөрік.
Е) Жаңа ғана жаққан ағаштың иісі мұрынды жарып барады

4 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *