Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай тест № 2

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай тест № 2
1. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А) Анау бір төбеге шыққан кім В) Тарт тіліңді С) Ауа райы суық
Д) Мақтан қума, керек қу Е) Бұған кім кінәлі
2. Лепті сөйлемді табыңыз.
А) Бармағанда қайтем В) Бақ кетпесін басыңнан С) Сен әнші едің-ау, ә
Д) Ой, байғұс бала-ай Е) Жаңбыр жауды
3. Одағай қатысқан лепті сөйлемді табыңыз.
А) Ойпырмай, мына баланың мінезі қандай жаман. В) Көрсетпе көз жасыңды. С) Жүр, кетейік.
Д) Балам, жұмысыңды айт. Е) Амал не, тағдырым солай болды.
4. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Ол кісі қайда тұрады.
В) Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?
С) Ол жерге неге отырдың.
Д) Ойбай, сен былай тұр.
Е) Мен күні бойы жұмыста болдым.
5. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
А) Сен менен аулақ жүр.
В) Біреу көп үшін, көп біреу үшін.
С) Жеріміз біздің неткен бай.
Д) Азаматтың жігіттері үш күнде қалаға келіп қалды.
Е) Қазір қай жерде тұрасыз.
6. Лепті сөйлемді табыңыз.
А) Түу, сіз қызық адам екенсіз В) Менсіз ешқайда кетпе С) Қас сұлуда мін болмас
Д) Қалқам, бақытты бол Е) Бардың ғой, ә
7. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А) Ал сосын В) Ақымақтарға қосылма С) Неге келмедің Д) Қайдағы жау Е) Жел де жоқ
8. Лепті сөйлемді табыңыз.
А) Мына көгалға жатсаң ғой В) Айман мені түсінбеді С) Ойпырмай, тез жетсе болар еді
Д) Қарағым, маған қалам берші Е) Мүмкін, күн ашылар
9. Лепті сөйлемді табыңыз.
А) Тыңда, дала, Жамбылды В) Бес жарымда кел С) Бес-бестен кіріңдер
Д) Қоңырау соғылды Е) Қап, мынау жығылды-ау
10. Хабарлы сөйлемді табыңыз.
А) Қара ала В) Мына қоян қандай әдемі С) Мен барсам қайтеді
Д) Апам нанды алды Е) Қашатын болса, сен жіберіп қойма

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *