Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай тест № 1

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай тест № 1
1. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз
А) жақты сөйлем В) толымды сөйлем С) сұраулы сөйлем
Д) жайылма сөйлем Е) құрмалас сөйлем
2. Сұраулы сөйлемді табыңыз
А) Кейбіреулер ешнәрсе де істемейді. В) Сен ертең маған кел. С) Қонақтар ертең кетер.
Д) Немене, менде ақшасы жоқ дейсің бе. Е) Кел, балалар, оқылық.

3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
А) 5 В) 6 С) 7 Д) 4 Е) 2
4. Лепті сөйлемді табыңыз.
А) Пай-пай, қандай тамаша ән. В) Білім – адамның қанаты. С) Кімдер таратып, насихаттайды.
Д) Қарлығаш сонда үйде жалғыз қалмақ па. Е) Айналайын, жастық уақытты бос өткізбе.
5. Қуану, ренжу, аяу, кекету мақсатында айтылатын сөйлемнің түрін көрсетіңіз.
А) Хабарлы сөйлем В) Сұраулы сөйлем С) лепті сөйлем
Д) Бұйрықты сөйлем Е) Ашық сұрақты сөйлем
6. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
А) Несі тамаша В) Тарыңнан шамалы берші С) Қар жауды
Д) Ойбай, қайда кетті Е) Табиғат қандай әдемі
7. Бұйрықты сөйлемді табыңыз
А) Егіс көлемін көбейт В) Тіл қандай С) Сен енді бала емессің
Д) Ал Марат ше Е) Бұл – тарихи жер
8. Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
А) Өкіну, қорқу, жирену, кекету мақсатында айтылатын сөйлем.
В) Дауыс ырғағының бәсендеу сазбен айтылатын сөйлем.
С) Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатында айтылатын сөйлем.
Д) Тек талап қою мақсатында айтылатын сөйлем.
Е) Сөйлемнің соңында нүкте қойылатын сөйлем.
9. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
А) Ойдың түсінікті болуы үшін айтылатын сөйлем.
В) Қимыл иесінің күйін, қалпын, іс-әрекетін айқындауға жауап күтетін сөйлем.
С) Сұрай айтылған сөйлем.
Д) Адамның көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем.
Е) Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.
10. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
А) Балам, тоқташы В) Апырай, күннің суығын-ай С) Сен болған шығарсың
Д) Аспан ашық Е) Алматы – оңтүстік астана

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *