Сөйлемнің құрамына қарай тест № 3

1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін
қандай тыныс белгісі қойылады?
А) үтір В) қос нүкте С) сызықша Д) дефис Е) сызықша және үтір
2. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
А) Талай сырды ақтардық. В) Мен елдің елшісімін. С) Оспан күлді, қуанды.
Д) Біздің замандасымыз қандай екен? Е) Қазақстанның саясаты ұнайды.
3. Жақты сөйлемді табыңыз.
А) Япыр-ай, Абайжан-ай. В) Кітапты жыртуға болмайды. С) Шатырды апарып тігеміз.
Д) Ағаш отырғызу керек. Е) Менің қалаға барғым келеді.
4. Жақты сөйлемді табыңыз.
А) Менің бұл әңгімеге қосылғым келмеді. В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
С) Қандай ғажап! Д) Қалың қар жауды. Е) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
5. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
А) Жүз жиырма бес үй. В) Күз келді. С) Ауыл әлі ояна қойған жоқ.
Д) Ақ шағала. Е) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
6. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сын есімнен болғанда, екеуінің арасына қандай белгі
қойылады?
А) сызықша В) тыныс белгісі қойылмайды С) қос нүкте Д) сызықша және үтір Е) үтір
7. Дұрыс жазылған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Күз түн; ызғарлы,суық.. В) Тауда ойнаған марал қарт. С) Үш жердегі үш,-тоғыз.
Д) Мен осы үйдің баласымын. Е) Кенжетай, жиырма екіде.
8. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
А) Асқар – инженер. В) Ол үйге кірді. С) Алматы – астана.
Д) Мал жайылды. Е) Бала – болашақ..
9. Толымды сөйлемнің толымсыз сөйлемнен ерекшелігі қандай?
А) бастауыш түсіріліп айтылады. В) Айтылуға тиісті мүшелер түсіп қалады.
С) Айтылуға тиісті мүшелер түгел қатысады. Д) Қажеті жоқ сөздердің бәрі қатысады.
Е) Іс-оқиғаны баяндамайды.
10. Толымды сөйлем қандай жағдайда жиі қолданылады?
А) төлеу сөзде В) құрмалас сөйлемде
С) сөйлем мүшелері түгел қатысқанда, ой толық айтылғанда
Д) түсіндірмелі салаласта Е) диалог жағдайында

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *