Сөз құрамы (Состав слова)

Сөз құрамы (Состав слова)
Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан /түбір+жұрнақ, түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөздер, сөз тіркестерінен тұрады.
(В казахском языке состав слова состоит из корня, корня и аффиксов /составные слова/, производных слов, удвоенных слов, сложносокращенных слов, словосочетаний).

Түбір – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, жаңа сөз жасаудың негізі. (Корень – первоначальная, неделимая основа слова).

Түбір түрлері (Виды корня)
1. Дара түбір (простой корень). Мысалы: ата, кітап, адам, мектеп т.б.
2. Қос сөздер (удвоенные слова). Мысалы: тау-тау, кезек-кезек, ата-ана т.б.
3. Біріккен сөздер (сращенные слова). Мысалы: белбеу, Көкшетау, боөторғай т.б.

Негізгі түбір – қосымшасыз жеке тұрып, бір мағынаға ие болады.
(Непроизводный корень /основа/ — слово без аффиксов, имеет одно значение). Мысалы: бала, оқы, т.б.

Туынды түбір – түбірге жұрнақтар қосылып, жаңадан түбір сөз пайда болады.
(Производный корень – образованный новый корень с помощью суффиксов).
Мысалы: бала – бала+лық, мал – мал+шы, дәрі – дәрі+гер, өнер — өнер+паз т.б.

Түбірлес сөздер – бір түбірден пайда болған бірнеше сөз.
(Однокоренные слова – слова, образованные из одного корня.
Мысалы: өн –өнім — өндіріс — өніс — өнгіш т.б.

Туынды сөздер мен туынды түбір сөздер бірдей емес. Туынды түбір жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөз болса, туынды сөз тек туынды түбірден ғана жасалады. Сонымен бірге туынды түбірден туынды сөздер өрби береді.
(Производный корень и производные слова – это не одно и то же понятие. Производный корень образуется от непроизводного корня при помощи суффикса, а производные слова образуются только от производного корня). Мысалы: біл – білім – туынды түбір (производный корень).
білім – білімді, білімпаз – туынды сөздер (производные слова).

Қосымшалы сөз – түбір мен қосымшадан құрылып тұрған сөз.
Қосымшаның екі түрі бар: біріншісі – жұрнақ, екіншісі – жалғау.
(Қосымша –это прибавочная морфема, т.е. аффикс. Аффиксальное слово состоит из корня и аффикса. Аффикс бывает двух видов: первый – суффикс, второй – окончание).

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *