Сөз тіркестері бойынша тест сұрақтары № 3

Сөз тіркестері бойынша тест сұрақтары № 3
1.Басыңқы сөзі есімдік болып келген тіркесті табыңыз.
А) Бүкіл халық. В) Оқушылардың барлығы. С) Сабақты оқиды.
Д) Ағасын шақырды. Е) Есенге айтты.
2. Есімді тіркесті табыңыз.
А) Онға жуық. В) Он шақты. С) Үйге дейін. Д) Үлкен үй. Е) Жүзге тарта.
3. Пысықтауыштық қатынасты табыңыз.
А) жақтырмай қарау В) жаман әдет С) қатты қағаз Д) жылқыны бағу Е) түлкі тымағы
4. Етістікті тіркесті табыңыз.
А) Өнерлінің ырысы. В) Іске шебер. С) Асқарда бесеу. Д) Елді қорғау. Е) Ізгі сөз.
5. Етістіктің есімше түрінде тұрған тіркесті табыңыз.
А) Ақырын аяңдады. В) Ешкімге көнбес. С) Айтудан аман
Д) Жәрдем ет. Е) Ән айтысты.
6. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.
А) Үлкенге ізет. В) Ісі сәтті. С) Мінуге жақсы. Д) Әкесінен қаймықты. Е) Оның кімі.
7. Өзгелік етісті тіркесті табыңыз.
А) Олар айтысты. В)Ән айтылды. С)Хабарын айтар. Д)Айтпаса екен. Е)Оған айтқыз.
8. Бағыныңқысы еліктеуіш болған тіркесті көрсетіңіз.
А) Екі беті ду етті. В) Тарсыл-гүрсіл дыбыстар. С) Жүзі жайнаң қақты.
Д) тез ішті. Е) От лапылдады.
9. Тіркес түрін анықтаңыз. «Су жүрек.»
А) есімді тіркес В) күрделі сөз С) мәтел Д) етістікті тіркес Е) тұрақты тіркес
10. «Кітабыңызды оқығым келеді» тіркесіндегі басыңқыны қай қатарға жатқызасыз?
А) ырықсыз етіс В) есімше С) тұйық етістік Д) қалау райлы етістік Е) көсемше

1 голос

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *