Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері бойынша тест сұрақтары № 2

Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері бойынша тест сұрақтары № 2
1. Матасуға қатысы бар септік қайсы?
А) барыс В) ілік С) жатыс Д) атау Е) көмектес
2. Меңгеру арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз
А) Шарықтап тұр. В) Сөреде тұр С) Оқушының жабдығы. Д) Тоқыма белбеу. Е) Қызық кітап.
3. Меңгеруді табыңыз
А) аман келді В) біздің өлке С) сынға түсті Д) кең дала Е) қонақ болу
4. Меңгеруді табыңыз
А) қыспаққа төзбеді В) елдің іші С) қараңғы түн Д) сағынған аға Е) алты алаш
5. Қабысуды табыңыз
А) үйінін қасына жетті В) халықпен бірге жасайды С) құрым қара құстар
Д) дүниенің өзгерісі Е) қиыннан қиыстыру
6. Жанасуды табыңыз
А) жұп-жұпқа бөліну В) ғалымдардың пікірі С) бірте-бірте ашылды
Д) алма алдырыпты Е) ешкімге айтпады
7. Жанасуды табыңыз
А) сөздердің байланысы В) оның ойынша С) осы жайында
Д) мәдениетті тұлға Е) дереу қимылдады
8. Қиысуды табыңыз
А) Айтқаны орындалды. В) Айтқанына көнбеді. С) Менің айтқаным.
Д) Сабақтан соң айтты. Е) Жақсы айтқан.
9. Меңгеруді табыңыз
А) Сәлем беру. В) Ешкім үндемеді. С) Алты алаш.
Д) Жайлауға шықты. Е) Мұның қызметі.
10. Бастауыш пен баяндауыштың байланысу түрі қалай аталады?
А) қиысу В) меңгеру С) матасу Д) қабысу Е) жанасу

1 голос

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *