Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері бойынша тест сұрақтары № 3

Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері бойынша тест сұрақтары № 3
1. Меңгеруді табыңыз
А) Сенің өмірің. В) Қалтасынан алды. С) Үлкен шкаф Д) Мидай дала. Е) Жылатып тастау.
2. Қиыса байланысқан тіркес қайсысы?
«Дәмеш кемпір сол қолына ұстаған үлкен шортанды отырғандарға мақтана көрсетті.»
А) сол қолына В) шортанды көрсетті С) мақтана көрсетті
Д) отырғандарға көрсетті Е) Дәмеш кемпір көрсетті.
3. Матаса байланысқан тіркес қайсысы?
«Қалау ағасының қатты бұзылған түрін таныса да, оған айылын жимай күліп жатыр.»
А) Қалау таныса да. В) Ағасының түрін. С) Қатты бұзылған.
Д) Бұзылған түрін. Е) Айылын жимай күліп жатыр.
4. Байланысу түрлеріне қатысты талдаудың қайсысы дұрыс емес?
А) Тоғыз адам – қабысу. В) Оқуға лайық – меңгеру. С) Кең бөлме – жанасу.
Д) Алатаудың Жамбылы – матасу. Е) Хат жазу – меңгеру.
5. Жанаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз
А) оған бару В) кілтпен ашты С) бес жыл Д) әдейі келу Е) әдепті студент
6. Қабысуды табыңыз
А) Тамырын бас. В) Ұдайы болып тұрады. С) Туыстардың ортасы.
Д) Қара торы қыз. Е) Айтқаныма сен.
7. Берілген ретіне қарай сөз тіркестерінің байланысу түрін анықтаңыз
«ағаштың бұтағы.» «хат алу.» «қалың орман.»
А) матасу , қабысу, жанасу В) меңгеру , қиысу, қабысу С) қабысу , меңгеру, жанасу
Д) матасу , меңгеру, қабысу Е) қиысу , матасу, меңгеру
8. Қиысу байланысты табыңыз
А) әсем қала В) қатты күлді С)оқушы айтады Д)күнімен үйықтау Е)елмен бірге
9. Қандай байланысу түрі? «Мен естідім.»
А) матасу В) жанасу С) қиысу Д) меңгеру Е) қабысу
10. Матасу байланысты табыңыз
А) Бақытбек үйі В) ренжіген әйел С) күн сайын күтті Д) жайын айтты Е) өзі келді

4 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *