Сөздің лексикалық талдау сызбасы (Схема лексического разбора слова)

Сөздің лексикалық талдау сызбасы (схема лексического разбора слова)
1. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы (прямое значение слова)
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы (исходное значение слова).
а) түпкі мағынасы (первоначальное значение)
б) туынды мағынасы (производное значение)
— көп мағыналы сөз (многозначное слово)
— омоним
— синоним
— антоним
— кірме сөздер (заимствованные слова) (араб, парсы, монғол, орыс сөздері)
— табу
— эвфемизм
— дисфемизм
3. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары (значение связи слов):
а) сөздің еркін мағынасы (значение свободного сочетания слов)
б) фразеологиялық мағынасы (значение фразеологизма)
в) синтаксистік шартты мағынасы (синтаксическое значение)
4. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары (лексическое значение)
а) бейтарап мағына (общеупотребительное значение)
б) бейнелі мағына (изобразительное значение) /троп пен фигуралардың түрлері/
в) терминдік мағына (терминологическое значение)
5. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері (виды сфер использования слов)
1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері:
а) жалпылама лексика (общая лексика)
б) қолданылу өрісі тар лексика (узконаправленная лексика)
в) сөздердің стилдік қызметіне байланысты түрлері (функциональные виды стилей)
г) сөздердің актив және пассив түрлері (активная и пассивная лексика)
Мысалы: Қас
1. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы — затты, құбылысты білдіреді
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы:
а)түпкі мағынадағы түбір сөз
б) омонимі бар сөз: қас-адамның дене мүшесі, қас –дұшпан

в) синонимы бар: қас-жау-дұшпан
г) антонимы бар: қас-дос
3. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары:
б)фразеологиялық байлауы бар: Қас дұшпан.
4. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары:
б) бейнелі мағынасы бар: адамның сезіміне қатысты эмоционалды мағынада қолданады.
5. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері:
а) жалпылама лексикаға тән.

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *