Сын есім (Имя прилагательное)

СЫН ЕСІМ (Имя прилагательное)
Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім анықтауыш қызметінде тұрғанда ешқашан тәуелденбейді, көптелмейді, септелмейді. Сын есім баяндауыш қызметінде тұрғанда жақтық тұлғаны қабылдай алады. Сапалық сын есім шырай категорияларында бола алады.
(Имя прилагательное – обозначает цвет, качество, вес, размер и другие свойства предметов. Имя прилагательное отвечает на вопросы какой? Выполняя роль определения, имя прилагательное не изменяется по принадлежности, числам, падежам. В роли сказуемого имя прилагательное может принимать личные формы. Качественные прилагательные могут иметь степени сравнения).Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар
(Словообразовательные суффиксы прилагательных)

Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар
(Именные словообразовательные суффиксы прилагательных)

лы, лі, ды, ді, ты, ті
сыз, сіз
ғы, гі, қы, кі
лық, лік, дық, дік, тық, тік
шыл, шіл
шаң , шең:
дай, дей, тай, тей
қой, қор, паз, кер, гер
и, ы, і

примеры:
дала+лы, орман+ды
бала+сыз, үй+сіз
жаз+ғы, іш+кі, күз+гі
бала+лық, күз+дік
кек+шіл, қоғам+шыл
сөз+шең, ашу+шаң
су+дай, үй+дей, құс+тай
сәң+қой, әуес+қой
тарих+и, қазақ+ы

Үстеуден сын есім жасайтын жұрнақтар
(Суффиксы, образующие прилагательные от наречий)

қы, кі, ғы, гі

пример:
кеше+гі, бұрын+ғы, ертең+гі, қыс+қы

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар (Глагольные словообразовательные суффиксы прилагательных)

ғақ, гек, қақ , кек, ақ, ек
ық , ік, қ , к
ғыш, гіш, қыш, кіш
ғыр, гір, қыр, кір
шақ , шек
ынды, інді, нды, нді
малы, мелі, палы, пелі, балы, белі
ымды, імді, мды, мді
аған, еген
улы, улі
ма, ме, ба, бе, па, пе
ыңқы, іңкі, ңқы, ңкі

Примеры:
жабыс+қақ , үрк+ек
аш+ық, ақса+қ ,жет+ік
біл+гіш, айт+қыш
ал+ғыр,өт+кір, тап+қыр,мақтан+шақ , ерін+шек,асыра+нды, үй+інді,соз+балы, ас+палы,асыр+малы, көш+пелі,жара+мды, төз+імді,қаш+аған, сүз+еген,іл+улі,ас+улы, жаб+улы,қыз+ба, бөс+пе,бас+ыңқы, көтер+іңкі

Сын есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі
(Синтаксическая роль прилагательного в предложении)

Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөз табы болғандықтан, сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Сын есім зат есімге айналғанда және сөйлемдегі орындарына қарай сөйлем мүшесінің барлығының да қызметін атқарады.
(Так как имя прилагательное определяет признаки предмета, то в предложении прилагательное выполняет роль определения.Субстантивируясь, и по месту расположения в предложении имя прилагательное может выполнять роль всех членов предложения).

Сын есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі
(Синтаксическая роль прилагательного в предложении)

Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөз табы болғандықтан, сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Сын есім зат есімге айналғанда және сөйлемдегі орындарына қарай сөйлем мүшесінің барлығының да қызметін атқарады.

(Так как имя прилагательное определяет признаки предмета, то в предложении прилагательное выполняет роль определения.Субстантивируясь, и по месту расположения в предложении имя прилагательное может выполнять роль всех членов предложения).

Анықтауыш – сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің?
ненің? (основная функция в предложении – определение.
Вопросы: какой? кого? чего?)
Мысалы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. Жақсының жақсылығын айт.

Баяндауыш – сын есім жіктік тұлғада тұрып немесе жалғаусыз сөйлем соңында келеді.
(имя прилагательное с личным окончанием или без него находится в конце
предложения и является сказуемым)
Мысалы: Сен бір артық көркемсің. Әлсіз адам сүріншек. Қар аппақ.
Орамал түсі – қызыл. Бүгін ауа райы суық. Оның жақсы көретін түсі – жасыл.

Толықтауыш – заттанып келіп, толықтауыш болады. Табыс, барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септіктер сұрақтарына жауап береді.
(субстантивируясь, отвечая на вопросы данных падежей, выполняет
функцию дополнения)
Мысалы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын
кез. Ол алманың сарылауын таңдады. Ол судың ыстық-суығына қарамады.

Пысықтауыш – сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіреді.
Сұрағы: қалай? (находясь перед глаголом, определяя способ действия и
отвечая на вопрос — как? ,выполняет функцию обстоятельства)
Мысалы: Айман бөлмесін таза ұстайды. Ол домбырада шебер ойнайды.

Бастауыш – заттанған сын есім атау септігінде тұрады. (субстантивированное имя
прилагательное находится в форме именительного падежа и является подлежащим)
Мысалы: Ұялшақ сыбағасынан құр қалады. Сыпайы сырын сақтар.

Сын есімнің зат есімге айналуы (Субстантивированные прилагательные)
1. Егер қасында зат есім болмаса, мына сөздер әрі зат есім, әрі сын есім қызметінде жұмсалады: ақ, қара, қызыл, көк, салқын, суық, жақын, сары т.б.
(Если рядом нет имени существительного, то слова ақ, қара, қызыл, көк, салқын, суық, жақын, сары и т.п. выполняют функции и существительного и прилагательного).
2. Егер сын есімдерге жалғаулар (көптік, септік, тәуелдік, жіктік) жалғанса, олар зат есімге айналады. (Если к именам прилагательным присоединяются окончания, то они выполняют роль имени существительного). Мысалы: ақ+тар, ақ+қа, ақ+пан, қызыл+дар т.б.
3. Кейде қосымшасыз сын есім зат есімге айналады. (Иногда прилагательные становятся существительными без аффиксов.Это субстантивированные прилагательные).
Мысалы: Ол оның тұңғышы. т.б.

Сын есімді талдау үлгісі (Пример разбора имени прилагательного)
Абайдың жүзінде ақшыл, сұрғылт тартқан бір толқын білінді. (М.Ә.)
Ақшыл – туынды, сапалық , дара сын есім, салыстырмалы шырай
Ақ – түбірі, -шыл – салыстырмалы шырайдың жұрнағы
Сұрғылт – туынды, сапалық , дара сын есім, салыстырмалы шырай
Сұр – түбірі, — ғылт – салыстырмалы шырайдың жұрнағы

Сын есімнің семантикалық жіктемесі (Семантические признаки прилагательного)

Тұлғасына қарай  (по форме)
1. Негізгі – қосымшасыз, түбір сын есім
(непроизводная  основа   без аффиксов)
Мысалы:   ақ, сары, терең, әдемі, қызыл, үлкен, аласа т.б.
2. Туынды – сын есімдердің бірігіп, қосарланып, зат есіммен сын   есімнің тіркесуі арқылы, сын есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы  жасалады.
(производная основа, образуемая из сращенных
прилагательных, из сочетаний существительного и
прилагательного, путем прибавления к прилагательному
и  другим частям речи суффиксов)
Мысалы:  кеше+гі, әл+сіз, бедел+ді, сөз+шең, көп балалы   т.б.

Құрамына қарай  (по составу)
1. Дара – түбір сөзден және жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын   есім. (простое -производное прилагательное, образованное   из корня и  суффиксальным способом) Мысалы: ақ, бой+шаң, бала+лы, үй+сіз  т.б.
2. Күрделі – кемінде екі сөзден қосарлану, тіркесу, бірігу арқылы  жасалған сын есім. (сложное — прилагательное, образованное из  двух  и более слов, путем сращивания, удвоения, сочетания слов)
Мысалы: ақ киімді, тап-таза, өте жақсы, қара торы   т.б.

Мағынасына қарай  (по значению)
1. Сапалық – заттың сыр-сипатын білдіреді түрі, түсі, сыны, сапасы,  көлемі, аумағы, дәмі, иісі   т.б.
(качественные прилагательные, обозначающие   постоянные признаки и качества вид,цвет, свойства,объем, вкус  и.т.д. )
Мысалы:  қара, қызыл+дау, әдемі, жақсы, қысқа+лау, көкпеңбек   т.б.
2. Қатыстық – сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды   сын есім.  (относительные – производные прилагательные, образованные от других частей речи)
Мысалы: су+лы, су+сыз, тау+лы, қора+лы, бала+лы, аш+ық есік т.б.

Сын есімнің шырайлары (степени сравнения имен прилагательных)

«Шырай» деген сөздің мағынасы «өң, түр, кейіп, көрік, ажар» дегендерді білдіреді.
Сын есімнің төрт түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай. (Слово «шырай» озаначает: облик, вид, окраска, оттенок, цвет и т.д. Имя прилагательное имеет четыре степени сравнения: простая степень, сравнительная степень,
усилительная степень, превосходная степень).

Жай шырай
– заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін, дәмін т.б.белгілерін көрсететін сын
есімдер.(простая степень-обознача -ющие вид, цвет,качество, вес, объем, вкус и т.д) Жасалу жолдары: ешбір қосымшасыз түбір және туынды сынесімдерден жасалады.
(образуется из производных и непроизводных прилагательных без аффиксов) Мысалы: биік, жақсы, үлкен, тәтті, қызыл, ақ, ақылды, ұзын, өнімді т.б.

Салыстырмалы шырай
– бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіреді.
(сравнительная степень –обозна —
чает различия в степени наличия того или иного признака, качества, свойства) Жасалу жолдары:
жұрнақтар арқылы —
1. ырақ, ірек, рақ, рек
2. лау, леу, дау, деу, тау, теу
3. қыл, ғыл, қылт, ғылт, ғылтым, тым, шыл, шіл, қай, аң,, ең , шылтым, шілтім, ғыш, ілдір, ша, ше
Мысалы:
1.ауыр+ырақ, үлкен+ірек,ағ+ырақ
2. ауыр+лау, үлкен+деу, ақ+тау
3.аш+қылтым,ақ+шыл,боз+аң,
көк+шілтім, көк+ілдір,
сар+ғыш, сұр+қай, ұзын+ша

Күшейтпелі шырай
– белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіреді.
(усилительная степень – особо
выделяет то или иное свойство, качество, признак предмета) Жасалу жолдары: негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы дефис арқылы жасалады. (образуется путем использования удвоенного первого слога (или звука) с добавлением звука –п-)Ескерту: первый удвоенный слог
пишется через дефис. Мысалы: сап-сары, жап-жарық, үп-үлкен,қып-қысқа, топ-толық, қап-қалың, әп-әдемі, сұп-сұлу

Ескерту: усилительная степень слов ақ , көк пишутся аппақ , көкпеңбек

Асырмалы шырай
– белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіреді.
(превосходная степень – особо
выделяет то или иное свойство, качество, признак предмета) Жасалу жолдары:
Сын есімнің алдынан күшейткіш үстеулердің тіркесіп келуі арқылы.
(образуется с помощью наречии, которые находятся перед прилагательным и пишутся с ним раздельно)
Үстеу: тым, өте, ең, нағыз, орасан, кілең, аса, нақ, ең, тіпті, шымқай, тамаша, ыңғай Мысалы:
өте жарық, тым ауыр, кілең ақындар, аса маңызды, ең әдемі, тіпті жақын, нағыз ер, орасан кең, шымқай ашық, нақ салмақты т.б.

1 голос

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *