Тіркесен сөздер (Составные слова)

ТІРКЕСКЕН СӨЗДЕР (Составные слова)
Тіркескен сөздер (құрама сөздер) – екі немесе көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымды білдіреді, бірақ бөлек жазылады. (Составные слова – это сочетание двух и более слов, определяющих одно понятие. По значению составные слова как и сращенные слова имеют одно лексическое значение, но пишутся раздельно).
Тіркескен сөздердің екі түрлі формасы бар: бірі – тұрақты сөз тіркесі, екіншісі – лексикалық сөз тіркесі немесе құрама сөздер деп аталады.
(Составные слова бывают двух видов: первый – устойчивые словосочетания, второй – лексические словосочетания или составные слова).

1. Тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген сөздердің орындары аса берік. Мұндағы сөздердің орнын ауыстыруға да, өзгертуге де болмайды. Екінші тілге сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық жағынан бұл тіркес бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады және сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.
(В устойчивых словосочетаниях порядок слов не изменяется. В них нельзя изменять порядок слов и заменять слова другими словами. Они на другой язык слово в слово не переводятся. Имеют одно лексическое значение и в предложении выступают в роли только одного члена предложения).
Мысалы: қас пен көздің арасында – быстро, бес саусақтай білу – знать очень хорошо т.б.

2. Лексикалық сөз тіркесі (құрама сөздер) – күрделі сөз тіркесінен пайда болады.
Бұған күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу, күрделі етістіктер жатады.(Лексические словосочетания образуются из сочетания слов.Сюда относятся сложные существительные, прилагательные, числительные, наречия, глаголы).
Мысалы: су инженері – зат есім; қара сақалды – сын есім; он жеті – сан есім; жазып отыр – етістік;
ән сал, қызмет қыл, рұқсат ет – етістік пен есім тіркестері т.б.

Тесты по теме ТІРКЕСКЕН СӨЗДЕР (Составные слова) — кликните по тесту ниже:

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *