ҰБТ-ДА БОЛЫП ЖАТҚАН БЫЛЫҚ!!!

ҰБТ айналасында қандай былықтардың болып жатқанын білесің бе?

Қалтасы ақшаға толы ғылыми жобалар байқауына қатысушылар (әрдайым емес, бірақ көбінесе) орын сатып алады да, автоматты түрде 125 алып шығады!

ҰБТ тапсыру орындарының кейбіреулерінде шпоргалкалар мен тест жинақтары әрі-бері ұшып жүреді, кейбіреулерге ватсап арқылы көмектесіп жатады.

Кейбір жерлерде камералар орнатылып, министрліктің адамдары жүріп, бір кішкентай бұрыс қимыл үшін шығарып жібереді. Ал, басқа жерлерде тарих мұғаліміңе қоңырау шалып, дұрыс жауапты сұрап алуға болады!

Ал тағы да бір жерлерде ҰБТ тапсыруға бір оқушының орнына басқа адам кіреді!!!

Елестетіп көрші өзің! Ақымақ бір жалқау жыл бойы оқымай жүреді, ал оның ата-анасы біреуге 5 мың доллар береді де, ол бағанағы сорлының орнына кіреді!

Бұл сенің ашуыңа тиеді ме? Бұның барлығы мені өте ызаландырады!

Неге? Себебі, түк бітірмеген біреу әділетсіз жолмен ҰБТ-ға бар ынтасымен дайындалған біреудің грантын алып қояды!

Ал, біз не істей аламыз?

Мұндайды қалай тоқтатуды мен білмеймін. Егер сен білсең, айт.

Алайда, мен басқа жолды білемін:

«Біреу сенен барыңды тартып алу үшін тәулігіне 24 сағат жұмыс істеп жатқандай жұмыс істе!!!».

Ашуың бар ма? ҰБТ-ға күш салып дайындал да, ашуыңды бас!

Отбасыңның табысы төмен бе? Сол үшін курстарға жазыла алмағаныңа қынжыласың ба?
Онда, өз бетіңмен оқып, бір де бір еркетотай курста жете алмаған нәтижеге жет!!!

Басқаларға қарағанда, саған грант керегірек!

Мен қыңқылдаудан жалығып кеттім. Үнемі бір «ӨТЕ ЕРЕКШЕ», «ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІ ЕҢ НАШАР», «БӘРІНЕН ДЕ ГУМАНИТАРИЙ» 11-сынып оқушысы маған «не істеуім керек, мен 70 балл жинап жүрмін» деген сұрақпен жазады.

Проблемаларыңның мәні не сонда?

Барлығының дерлік есте сақтау қабілеті нашар!

Көбісінің математикамен қиындықтары бар!

Барлығы дерлік мектепте шаршайды, барлығында дерлік ашушаң мұғалімдер бар!

Бірақ, өзіңді қалай ұстайтыныңды сен ғана шешесің. Қыңқылдайсың ба, әлде бар күшіңді салып ҰБТ-ға дайындаласың ба?!

Қатты оқуға берілгендіктен ауырып көрдің бе?

Кезінде, мен тәулігіне 16 сағат сабақ оқып, 4 сағаттан ұйықтайтынмын. Сонымен? Иммунитетім әлсіреуі мен ашық терезе себепті бронхитпен ауырып, бір ай бойы үйде жаттым.

Әрине, мен істегендей істе деп жатқан жоқпын, бірақ өзіңде оқуға құмарлық іздемейсің бе? Осы жағдайда бәсекелестік рухын сезініп көрсейші!

Бір бизнес-тренердің сөзі есіме түсті:

«Мәскеуде жеке костюм тігу қанша уақыт алады? Өз тәжірибеме сүйене отырып, киіп көру мен тігудің барлығын қосқанда, оған бір айдан астам уақыт кететінін айта аламын. Қытайда болса, костюм тігу дәл 7 күн алады. Сондықтан, осында костюм тіктірткенше, маған Қытайға мықты шеберге ұшып келген тиімдірек. Ол шебердің менен басқа кем дегенде 10 клиенті бар екендігін де ұмытпаңдар. Ал олардың не себепті соншалықты тез жұмыс істейтінін білесіңдер ме? Себебі – Қытайда шебердің орнында жұмыс істеуге дайын 55 миллион жұмыссыз адам бар. Және де әр жұмыс орны осы секілді дефицит!».

Болашақ студенттер саны көп. Гранттар – аз!

Сондықтан, грантқа жармасып айырылма! Және қыңқылдаушы болма!

Менің «гуманитарий»-оқушыларым қысқа мерзімде ҰБТ математикасынан +7-8 баллды оп-оңай қосады! Мұндай нәтижені көргеннен кейін, мен сенің сылтауларыңа сене алмаймын.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *