ҰБТ-ға дайындалуға

Мен де осында өзімнің Ұлттық Біріңғай Тестілеуді қалай тапсырғаным жөнінде айтқым келіп отыр. Если вы хотите прочитать эту статью на русском, читайте ее тут: ИСТОРИЯ СДАЧИ ЕНТ: МАГЖАН ТОРЕБЕКОВ.

Ең алғаш мені ҰБТ-ға дайындалуға итермелеген жағдай — менің 2014 жылдың түлектердің талайы ҰБТ нәтижелерін көріп, өкінгенін көргенім.

Ешкім ешқандай шпоргалкаларды, телефондарды және т.б. мүлдем қолдана алмаған. Менде де осындай жағдай болмасын деп, сол күннің ертеңіне дайындықты бастадым.

Маусымда бірінші Қазақстан тарихынан Шың кітапты 1 ай оқыдым, бірақ нәтижелер қанағаттандырмады, әсіресе жылдар тез есімнен шығып кете беретін. 5-6 баллдан аса алмадым.

Сондақтан қазақ тілінен дайындықты жөн көрдім.

1,5 аптаның ішінде қазақ тілінен Шың кітап бойынша ережелерді жаттап, нәтижелерімді 20-дан асырдым. (Алдында да жаман емес еді, 14-15 балл.)

Мектеп уақытысында қазақ тілінен жіберген қателерімді мұғалімнен сұрап, міндетті түрде қатемен жұмыс жасап отырдым, жылдың соңында 23-24 баллдан жинайтын болдым. (ҰБТ-да — 24).

Жазда қазақ тілінен соң, Қазақстан тарихын қайта қолға алдым, бірақ басқаша әдіспен. Интернеттен 2013 жылғы тест бойынша 1600 сұрақ-жауап таптым (төменде файлды осында салғанмын).

Оның жағымды жағы — сұрақтар алфабит бойынша емес, хронологиясымен, өз ретімен қойылған.
Сұрақтарды жаттаған кезде бірінше таза дәптерге көшіріп, содан соң басқа дәптерге сол таза дәптерден әр сұрақты 5-10 реттен көшіріп отырып, қосымша ауызша қайталадым.

Әрине, көп уақытты алатын, бірақ әсері жақсы болды.
Нәтижелерім едәуір өсіп отырды, оқу жылының басында 16-17 баллмен мектепке бардым. Сұрақтарды өз ретімен жаттап, пән бойынша жалпы түсінік қалыптасқандықтан, жаңа сұрақтарды өз орнына қойып, жаттау едәуір жеңілдеді. Кез-келген әдіскерде, байқау сынағындағы және компьютерде «талапкер 2014» бұрын кездеспеген сұрақтарды міндетті түрде жазып, есте сақтап отырдым. Солай кейде байқау сынағында 25 балл жинаған кездер де болды. (ҰБТ-да — 23)

Ал математика, өзім бұрын математикадан жақсы оқығандықтан, маған бұл пән үлкен белес емес еді.
Мұнда да нұсқадағы есептерді шығарып, мұғаліммен қатемен жұмыс жасап отыратынмын. Жылдың басында 12-13 жинайтынмын. Логарифм және алғашқы функцияны игерген соң — 18-19-ға жеткіздім. Мен де бірақ басқалар сияқты геометриядан қиналатынмын, бірақ соншалықты қиын емес екен, тек әр фигураның көлемі мен ауданының формуласын және бірнеше теорияларды білген соң есептер шыға бастады.

Жылдың соңында 22-23 жинайтын болдым. Бірақ ҰБТ-да есептер біздің байқау сынағымыздағы есептерден сәл өзгеше болғандықтан 17 балл жинадым.

Физика, шынымды айтсам, физикадан мүлде хабарым жоқ еді, тіпті Ньютонның заңдарын толық білмейтінмін. Мен ауылда оқығандықтан, физик болмай, орнына информатик сабақ беретін. Жоқ! Сабақ та бермейтін, тек ҰБТ туралы әңгіме айтатын! Өкінішке орай бізде 2 адам физикадан 2 алды.

Ал өзім жылдың басында бірінші сынақта 6 балл жинағанмын, бірақ оның жартысын да білмейтінмін. Бірінші тоқсан біткен кезде сабаққа бармай, қалада бір ай тек физикадан репетиторға бардым, 7-ші сыныптың кітабынан 11-сыныпқа дейінгі тақырыптарды түсіндірді.

Математиканы жақсы меңгергендіктен физиканы да дұрыс түсіне бастадым. Сол репетитордың көмегімен нәтижелерімді 14-15 баллға жеткіздім.
Кейін бұл да аз болғандықтан ақпан айында қайта курсқа жазылдым, оған аптасына 2 рет (бейсенбі, сенбі күндері) баратынмын. Ол да тақырыптарды түсіндіріп, әр барғанда тақырып бойынша 150-200 есеп беретін.

Есептердің авторы Рахашев деген кісінің кітабынан беретін ( курстағы ағайымыздың өзі де авторларының ішінде бар еді). Әр тақырыпқа 150-200 есеп шығарған соң, формулалар ұмытылмастай есте сақталатын.

Шығарылмаған есеп болмауы керек деп талап қоятын. Мұнда да шығара алмаған есептерімізбен қатемен жұмыс жасап, ағайымыздан сұрап отыратынбыз. Солай физика оңай пәнге айнала бастады, байқау сынағында 23-24, тіпті 25-те жинаған кездер болды. Бірақ ҰБТ-да 19 жинадым.

Орыс тілінен де онша емес едім, сынақ кездерінде қазақ тілімен ұқсас ережелері арқылы 13-16 балл жинайтынмын, конкурста орыс тілін алып тастайтындықтан, ҰБТ-ға 2 күн қалғанда ғана дайындалдым)) (ҰБТ-да 13 балл)

Ал енді ҰБТ тапсыратын күн, былтырғы түлектер тапсырған күннен бір жыл да өте шықты)

Азанда 5-те тұрып, жуынып, тамақ ішпес бұрын көршіміз көпті көрген кісі (бұл уақытта ол бақта жүгері шауып жүрген:) )

Қарияны шақырып, Құран оқытып, бата сұрадым (ауылда тұрамыз, қазақ, мұсылманбыз ғой бәрібір:) ).

Мектепке барып, Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстандық Гуманитарлық Институтына жол жүрдік. Менде ол күні мүлде қорқыныш, сасқалақтау және т.б. кері сезімдер болған жоқ, өзімді еркін ұстадым.

Универге келдік. Адам көп. Біз өз кезегімізді күтіп тұрмыз. Ешкім ешқандай қысым көрсеткен де жоқ, кірердің алдында сыртта полициялар да болды, олардың айтқандары: «Қорықпаңдар, бәрі жақсы болады!», «Осы жерден су ішіп алыңдар (қастарында бір реттік стақан мен газдалмаған сулар болды), іште су бермейді (бірақ іште де дәл солай су берді)». Тексерерде де қатал ешнарсе жоқ, тек бәрі өз жұмысын жасайды.

Осыдан соң жақсы көңіл күймен, қатты да жай да дауыспен емес «АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ» деп аудиторияға кірдім))) Бәрі маған қарап қалған))))) Өзімнің мектебімнен болған қыздың қасына түсіппін. Ещқандай телефонда да, Алтелде де сеть ұстамады. Қасымдағы қызда алтел болды, ол тіпті терезенің сыртына да шығарып қойды, бірақ сеть болмады. Глушитель тіпті вай-файды да өшіріп тастайды екен. Сондықтан одан үміт жоқ. Бірақ ол қыз менің арқамда әжептеуір балл жинады.

Бірінші бланкаға аты-жөнімізді т.б. боятты. Кейін кітапшалар таратылды, содан соң уақытты бастады. Аудиторияда да ешқандай қысым болмады, бірақ тек шпор, мобил т.б. қолданғандардың заттарын алып қойып жатты. Сөйтіп тапсырмаларымды орындай бастадым. Тест тапсырып болып шыққандарға сырттағылардың қошеметін естісең ғой))) Менің де уақытым бітті, тапсырманы орындап, кезекшіге өткіздім. Мен сыртқа шығардың алдын да 3 қыз бірге шықты, содан соң мен шықтым ал көшедегілер қошемет көрсетіп «ҮШ ҚЫЗ БІР БАЛА» деп хормен айқайлап жатыр)))

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *