ҰБТ-ға дайындық

Жақын арада биылғы 2013 жылдың мектеп бітірушілерді қорытынды ҰБТ-ны тапсыруға тура келеді. Бұрын кейбір оқушылар ҰБТ-ға дайындалмай жүргенін көретін болсақ, қазір бәрі қорытынды ҰБТ жақындағанын түсініп отыр. Расында да, 3 айдан кейін бәрімізді ойландыратын және қорқытатын ҰБТ тапсыратын күн жетеді. (Мүмкін, осы мақаланы оқып, сізге оданда аз уақыт қалды!). Үміт еткен ұпайларына жету үшін көп күш салу қажет. Осы жағдай бәрімізге аңық.

ҰБТ-ға дайындыққа айрықша көңіл бөлу керек. Өйткені дайындық, ҰБТ тапсырудың табыс кепілі. Сізге ҰБТ-ға жақсырақ дайындалу үшін ақыл-кеңестеріміз осы:

1) Өзіңізді-өзіңіз тексеріп көріңіз. ҰБТ тесттің 1 нұсқасын өз-өзімен, шпаргалка мен ғаламторды пайдаланбай шығарыңыз. Бір пәнге қажетті уақытты белгілеңіз. Қалаулы нәтиже
болмаса да, өзіңіздің мықты және босаң жақтарыңызды көре аласыз. Жіберген қателерін аңықтап, олармен жұмыс істей аласыз.

2) Тақырыптар бойынша оқыңыз. Мысалы, тарих пәнінен тест жинақтардың сұрақтарын жаттау дұрыс емес. Осындай дайындық сізге ешқандай пайда бермейтін болады. Тақырып бойынша
оқығаны дұрыс болады. 5,6,7,8,9 сыныптарға арналған оқулықтарын алып, әр тақырыптың бөлек талдауын бастаңыз. Оқығанды жақсырақ есте сақтау үшін, қысқаша конспект немесе тірек схема жасауға болады. Алған білімдерін тексеру үшін, бірнеше тақырыптарды жаттап алған соң, өз-өзіңізге кішкене тест жасаңыз.

3) Қате жіберген сұрақтарын міндетті түрде қарап шығыңыз. Дұрыс жауабын өзіңіз іздеп-табатын болсаңыз жақсы. Өйткені іздегенде сіз керекті мәліметін есінде сақтап, ендігәрі

бұған тәрізді қатені жібермейсіз.
4) ҰБТ-ға дайындалу уақытыңызды дұрыс бөлу қажет. Тест шығарып отырғанда, бір пәннен екінші пәнге секірсеңіз, сондай дайындық сізге керекті пайда бермейді. Әр пәнге керекті уақыт бөліңіз. ҰБТ-ға дайындық темалық және нақты пәніне жинақталған болу керек – осылай сіз ҰБТ-ға дайындықта артығына жетесіз.

5) Алаң болмаңыз! Егер сіз ҰБТ-ға дайындықпен айналысып отырған болсаңыз, әлеуметтік желілерден шығыңыз, ұялы телефоныңызды алып қойыныз. Сізді жұмыстан алаңдатпасын деп
ата-аналарыңызды ескертіңіз. Бұл өте маңызды!

6) Дайындалғанда ұстаздарға “ақымақ” сұрақтарын беруді қорықпаңыз. Өз бетінше оқыған тақырыпты түсінбесеңіз және ұстаздың көмегі керек болса, ұстазға міндетті түрде келіп, көмек сұраңыз. ҰБТ-да шешуші ұпай бұл сұраққа тәуелді болатын мүмкіндігі бар.

7) Дайындалуды тоқтамаңыз! Аз-аздап болса да, бірақ күн сайын дайындалғаны дұрыс. Қажырлы еңбек пен шыдам міндетті түрде ақталады.

8) Математика мен физикадан тесттерді шығарғанда калькуляторды мүлдем пайдаланбауға тырысыңыз. Егер үнемі калькулятормен есептеуді пайдаланбасаңыз, жақын арада ол сізге керек болмайды.

Осы қарапайым кеңестер сізге қорытынды ҰБТ-ға дайындалу, жақсы ұпай алуға көмектеседі. Сонымен қатар ата-аналарыңызды оқуға төлемімен ауырлатпайтын боласыз. ҰБТ-ға
дайындалуында сіздерге сәттілік тілеймін

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *