ҰБТ-мен ТКТ-дан кейін қайда оқуға түсуге болады?

2015 жылғы ҰБТ-мен ТКТ өте шықты. Енді келешек студенттердің алдында – қандай оқу орнын таңдаймын және қайда оқуға түсуге болады? — деген жаңа сұрақ туындайды.Оқу орнын таңдау өте маңызды шешім және оны көпшілігі дұрыс бағаламайды. Егер ЖОО дұрыс таңдамасаң, қандай мәселелер туындайды? Бұл жөнінде төменде келтірілген Қазақстанның ең тандаулы 5 ЖОО туралы білесіздер. Егер сіздер ҰБТ-мен ТКТ-ға дайындалсаңыздар, сіздерді төмендегі ЖОО-на шақырамыз!
Ұнамайтын мамандықтар

Көптеген талапкерлер Қазақстандағы беделді ЖОО-на оқуға түскісі келеді. Бірақ олар мамандықтарға назар аудармайды. Осының салдарынан уақыт өте келе өзіне ұнамайтын мамандықтарды таңдағандар оқуға ынтасы болмайды және оқыған мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейді. Мыңдаған студенттер оқу қызықсыз болғандықтан оқуды тастап, гранттарды жоғалтады.
Сол себепті, өзімізге ұнайтын мамандық оқуына түсеміз.
Ең төменгі өтпелі ұпай

Вузы Казахстана: как правильно выбрать, какие хорошие вузы есть в КазахстанеҚазақстанда грантпен оқығың келсе, өтпелі ұпайды жинап, құжаттарды ЖОО-на тапсыру керек. Мәселен, беделді ЖОО-на түсу үшін өтпелі ұпай 70. Көптеген талапкерлер ойланбай құжаттарын бірден грантқа ие бола алмайтын жоғарғы оқу орнына тапсырады.
Қорытынды: Құжаттарыңызды грант алуға мүмкіндігі бар ЖОО-на тапсыру керек. Оны қалай білуге болады: қабылдау комиссиясынан өзінің түскен мамандығы бойынша өткен жылғы өтпелі ұпайды білу. Сондай-ақ комиссиядан таңдаған мамандықпен грантқа түсуге мүмкіндік барма-деп сұрау керек.Егер сіз құжаттарыңызды басқа ЖОО-на тапсырсаңыз,онда гранттан айыраласыз, сосын басқа ЖОО-на құжаттарыңызды тапсырып үлгермейсіз. Сондықтан құжаттарыңызды грант алуға болатын ЖОО-на тапсырыңыздар.
2015 ж ҰБТ мен ТКТ кейін қайда оқуға түсуге болатыны туралы ЖОО тізімі

Төменде Қазақстандағы беделді ЖОО тізімі және олар туралы мәлімет.
ЕҰУ — Л.Н Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті.

Қазақстанның орталығы-Астанадағы жоғарғы оку орны. Негізгі атауы «Л.Н Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті». 1996 жылы құрылған, оқытушылар құрамы өте жақсы.
ҚБТУ- Қазақ-Британ техникалық университеті

Қазақстандағы ең таңдаулы жоғары оқу орындарының бірі.Онда оқу өте қымбат, көпшілігі грантқа түскісі келеді, ал грантқа бәсекелестер өте көп.Университетте бірінші орыс тілінде, сосын біртіңдеп ағылшын тілінде оқиды.
ҚАЗҰУ — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Қазақстандағы алдыңғы қатардағы оқу орны, әр түрлі мамандықтар бойынша дайындайды. 1934 жылданг бастап, оқыту жағынан көп тәжірибе жинақтаған. Студент, мұнда оқи отырып, оқытушылардан көп тәжірибе алады, сондай-ақ көп мамандықтарды таңдауға болады. ҰБТ,ТКТ-дан кейін бұл оқу орнынан керекті мамандықты таңдауыңызға болады.
НУ — Назарбаев университеті

Қазақстандағы таңдаулы  ЖОО бірі. Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен құрылды. Қазақстан Республикасындағы беделді жоғарғы оқу орны және басқа оқу орындарына үлгі болады.
ҚазҰПУ-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

Бұл ЖОО-ы Қазақстандағы алғашқы жоғарғы оқу орны. 1928 жылы ашылды және әр түрлі ғылым салалары мен мамандықтар бойынша көп тәжірибе жинақталған. Басқа ЖОО туралы сіз Қазақстанның Үздік 10 ЖОО мақаласында біле аласыз. Және де Қазақстанның барлық оқу орындарынын тізімін Wikipedia сайтында көре аласыздар. Бұл сізге 2015 ж ҰБТ мен ТКТ дан кейін құжаттарыңызды қайда тапсыруға болатынын және қай оқу орнына түсуге болатын анықтауға көмектеседі.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *