Зат есімге байланысты тест тапсырмалары № 2

Зат есімге байланысты тест тапсырмалары № 2
1. Тұрлаулы мүшелері зат есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.
А) Жүйесіз сөз иесін табар. В) Ақылдының сөзі қысқа. С) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
Д) Ананың көзі балада. Е) Жалқау — өзіне жау.
2. Дара зат есімді көрсетіңіз.
А) тұрған В) оқыды С) күшті Д) қиял Е) ата-ана
3. Күрделі зат есімді табыңыз.
А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) самғау Е) бос
4. Бастауыш қай сөз табынан жасалған? «Кішіпейілділік – кісінің көркі.»
А) күрделі зат есім В) дара сын есім С) деректі зат есім Д) туынды зат есім Е) жалқы есім.
5. Берілген сөзден туынды зат есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз. «Адам…….»
А) – дар В) – ға С) – ша Д) – шылық Е) – дікі
6. Берілген сөйлемнің ішінен күрделі зат есімді табыңыз.
«Ата-анамның Семейге көшіп келуіне байланысты мені лицейге қабылдаңыз»
А) Семей В) байланысты С) ата-анамның Д) лицейге Е) мені
7. Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есімді табыңыз.
А) аспанбыз В) керегесіздер С) шәкіртпіз Д) оқулықтармыз Е) тіліміз
8. Тырнақшаға алынып жазылатын зат есімді табыңыз.
А) Отырар. В) О.Бөкей. С) Зайсан. Д) Қорқыт ата. Е) Абай жолы романы.
9. Берілген сөйлемдегі қай зат есім бастауыш қызметін атқарып тұр?
«Ақ ниетпен күткен әке-шеше арманы орындалып, жайлауға көшіп, ақ отауымызды тіктік»
А) ақ ниетпен В) әке-шеше С) арманы Д) ақ отауымыз Е) жайлауға
10. Жалпы есімді белгілеңіз.
А) «Абай жолы». В) Құлагер. С) Балқаш. Д) «Жас Алаш». Е) Тау.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *