Зат есімге байланысты тест тапсырмалары № 1

Зат есімге байланысты тест тапсырмалары № 1
1. Жанама толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.
А) Олар ауылды тексермей қоймас. В) Су ағуын, жел соғуын тоқтатпайды.
С) Еліміздің тәуелсіздігінің бастауы – желтоқсан оқиғасы.
Д) Ол өзінің ағасына хат жазды. Е) Ана тілі ғасырлар бойы жасап келеді.
2. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? «Кітап оқыдық»
А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш Е) анықтауыш
3. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
А) Тұздың емдік қасиеті бар. В) Аурудан аяған күштірек. С) Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.
Д) Бес жүздей жұмыскер қосылды. Е) Анам қалаға кеткен.
4. Бастауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді табыңыз.
А) Жүзімді үзіп жейді. В) Әркім өз ойын айтты. С) Бұл – сенің қолың.
Д) Ағай жақсы кеңес берді. Е) Мерекеге кешікпей келді.
5. Толықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.
А) Менің бақытым алда. В) Бүркіт биікте ұшады. С) Қыс келер ұзамай.
Д) Атамекен – қасиетті ұғым. Е) Білімді кітаптан аларсың.
6. Ілік септік тұлғасындағы анықтауышты табыңыз.
А) Күріш суда өседі. В) Көппен көрген ұлы той. С) Үйде батыр, — жауға жоқ.
Д) Ел іші – алтын бесік. Е) Туған жерге туың тік.
7. Жалқы есім бар сөйлемді табыңыз.
А) Келген адамдар сәлем бере бастады. В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін. Д) Үстінде кестелген ақ көйлек. Е) Кісі өлген қаралы ауыл.
8. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді көрсетіңіз.
А) Күш – білімде. В) Әйгерімнің білегінде күміс білезік жарқырайды.
С) Бір досына шахмат сыйлады. Д) аулада гүл жайқалып өсті. Е) Терлемеген – терең білмес.
9. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған зат есімді белгілеңіз.
А) Ердің сыншысы – елі. В) Оқуың көп, тоқуың қалай? С) Досымда жақсы кітап бар.
Д) Бала біліммен көркем. Е) Темірді қызғанда соқ..
10. Толықтауыш қызметінде тұрған күрделі зат есімді табыңыз.
А) Еңбегі аздың өнбегі аз. В) Мұз үстінде тайғанақ табаным. С) Тентек шоқпар жияр.
Д) Отан – оттан да ыстық. Е) Кеншілер сарайы лық толы.

2 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *