Жалғау (Окончание)

ЖАЛҒАУ (ОКОНЧАНИЕ)
Жалғау — сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
Қазақ тілінде 4 түрлі жалғау бар. Олар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары.
(Окончание – это аффикс, служащий для связи слов в предложении. В казахском языке есть 4 вида окончаний. Это – окончания множественности, притяжательные окончания, падежные окончания, личные окончания).
Көптік жалғауы екі ұғымды білдіреді
(Окончания множественности подразделяются на два вида понятий)
1. –лар-лер-дар-дер-тар-тер жалғаулары арқылы сөздерге көптік мағына береді.Бұл көптік ұғымының берілуі морфологиялық тәсіл. (Понятие множественности слова определяется при помощи окончаний –лар-лер-дар-дер-тар-тер. Этот способ образования множественности – морфологический способ). Мысалы: бала+лар, қаз+дар т.б.
2. Сөздердің көптік мағынасының өзі туралы ұғым. (Собственное понятие множественности слова).
Лексикалық тәсіл – көптік ұғым ешқандай қосымшаларсыз лексикалық мағынасы арқылы беріледі. (Лексический способ – множественность определяется лексическим понятием, без каких-либо окончаний). Мысалы: су, ұн, қазақ, көбелек, шөп, бидай, дін т.б.
Синтаксистік тәсіл – көптік ұғым сөз тіркестері арқылы беріледі. (Синтаксический способ – понятие множественности дается путем сочетаний слов). Мысалы: көп адам, бірнеше кісі, бес оқушы, қырық т.б.
Өлі жұрнақтар (мертвые суффиксы) арқылы жасалған сөздер: ег+із, кө+з, бі+з т.б.
Кейбір қос сөздер (некоторые удвоенные слова): ән-күй, бала-шаға, тау-тау т.б.

Көптік жалғаудың жалғану жолы (условия присоединения окончания множественного числа)

Дауысты дыбыс, үнді (после гласного звука , сонорного звука)   й, р, у   —   — лар – лер

Ұяң : з, ж, ғ , үнді: л, м, н, ң (после указанных звонких и сонорных зв) — дар – дер

Қатаң, ұяң: б, в, г, д (после глухих звуков и указанных звонких зв) —  — тар — тер

Ескерту: Санауға келмейтін зат есімдерге, сан есіммен тіркесіп келген сөздерге көптік жалғау жалғанбайды.
Примеч: Окончания мн.числа не присоединяются к существительным, не подлежащих перечислению, к
сочетаниям, имеющих числительное.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *