Үстеу (Наречие)

ҮСТЕУ (Наречие)
Іс-әрекеттің, қимылдың әр түрлі белгісін, амал-тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын т.б. сипаттарын білдіретін сөздердің лексико-грамматикалық тобы. Үстеулер, ең алдымен, етістіктің /баяндауыштың/ белгілерін білдіреді. (Наречие – это лексико-грамматический класс слов, обозначающих признак процесса, признака, предмета. Наречия ,в первую очередь, обозначают признаки глагола /сказуемого/)

Құрамына қарай (по составу)
1. Дара үстеу (простые) – бір ғана түбірден тұрады /негізгі немесе туынды/. (состоит только из
одного корня /производного или непроизводного/) Мысалы: ерте, кеш, қыстай, кешке т.б.
2. Күрделі үстеу (сложные) – кемінде екі түбірден тұрады. (состоит из двух и более корней)
Мысалы: бүгін, биыл, бірталай, бірте-бірте, алдын-ала, құлан таза, жазы-қысы т.б.

Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі үстеу – түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер. Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының –рақ-рек-ырақ-ірек және-лау-леу-дау-деу-тау-теу жұрнақтары жалғана алады. (Непроизводные наречия не делятся на корни и аффиксы. К большинству непроизводных наречий могут присоединяться вышеперечисленные суффиксы степеней сравнений прилагательных) Мысалы: әрең, сәл, ертең, бұрын, тез, жылдам-жылдамырақ т.б.
2. Туынды үстеу – түбірге жұрнақ жалғануы арқылы немесе кейбір септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер. (Производные наречия образуются путем присоединения к корню суффиксов или устаревших окончаний некоторых падежей)
Туынды үстеу жасалу жолдары (пути образования производных наречий)
2.1 Туынды үстеу тудыратын жұрнақтар (суффиксы, образующие производные наречия)
– ша-ше: қазақ+ша, адам+ша, бұлбұл+ша, орыс+ша, өзге+ше, түрік+ше т.б.
– лай-лей-дай-дей-тай-тей: шикі+лей, қыс+тай, осы+лай, ақша+лай т.б.
– сыз-сіз: себеп+сіз, есеп+сіз, дау+сыз, пайда+сыз т.б.
— дайын-дейін-тайын-тейін: сұңқар+дайын, түйе+дейін, бұлақ+тайын т.б.
— ншама-ншалық: осы+ншама, со+ншалық т.б.
— майынша-мейінше-байынша-бейінше-пайынша-пейінше: оқы+майынша, кел+мейінше
2.2 Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер
(при помощи устаревших падежных окончаний)
ал+ға, арт+қа, кеш+ке т.б. – барыс септік
лез+де, күн+де, баяғы+да, қапы+да т.б. – жатыс септік
шеті+нен, шалқасы+нан, кеңі+нен, ежел+ден т.б. – шығыс септік
жөні+мен, кезек+пен, шыны+мен, түні+мен, күні+мен т.б. – көмектес септік
2.3 Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер (наречия,образованные путем сращения)
жаздыгүні /жаздың+күні/, таңертең /таң+ертең,/, ендігәрі /ендігіден+әрі/, биыл /бұл+жыл/ т.б.
2.4 Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер (образованы путем удвоения)
жоғары-төмен, анда-санда, қолма-қол, бет-бетімен, үсті-үстіне, сөйлей-сөйлей т.б.
2.5 Тіркес түрінде жасалған үстеулер (наречия, образованные путем сочетания слов)
күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, күн ұзаққа, қас пен көздің арасында т.б.

Мағынасына қарай (по значению)

1. Мезгіл үстеуі  (наречия  времени)
қашан? – когда?
қашаннан бері? –
с каких пор?

бүгін, былтыр, биыл, ертең, күндіз, әуелі, күні-түні, кешке, қысы-жазы, әлсін-әлі, анда-санда, ежелден т.б.

2. Мекен үстеуі  (наречия  места)

қайда? – куда?
қайдан? – откуда?
қалай қарай?

ілгері, кейін, әрмен, қарай, мұнда, осында, әрі, жоғары, төмен, тысқары, артта, тұс-тұсында, одан-бұдан т.б.

3. Мөлшер   үстеуі (наречия  количества и  меры)

қанша? қаншама?
қаншалықты? нешелеп? қаншалық? қаншадан? –
сколько? по сколько?

онша, сонша, соншама, мұншама, едәуір, анағұрлым, біраз, бірталай, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті, солғұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, сондайлық т.б.

4.Қимыл-сын  үстеуі (наречия  образа  действия и  времени)

қалай? – как?
қалайша? –
каким образом?
қайтіп? – как?

әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, келе-сала, емін-еркін, лезде, қаннен-қаперсіз, дереу, жедел, шапшаң, тез т.б.

5.Күшейткіш  үстеуі (усилительные наречия)

қалай? – как?
қандай? –какой?
қайтіп? – как?

әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, қанағат, өте т.б.

6. Мақсат  үстеуі (наречия цели)

не үшін?-для чего?
неге?-почему?
не мақсатпен? қалай?

әдейі, жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра, әдейілеп т.б.

7.Себеп-салдар   үстеуі (наречия причины и следствия)
не себепті? неге? қалай?
неліктен?- почему?
по какой причине? т.б.

босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан т.б.

Үстеудің емлесі (орфограмма наречия)
1. Негізгі , туынды және кіріккен күрделі үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады.
(Непроизводные, производные и сращенные наречия в основном пишутся так, как говорятся)
Мысалы: қапыда, абайсызда, тікелей, мұнша, оншалық, қыстыгүні, ендігәрі, әлдеқашан т.б.
2. Қосарлану арқылы жасалған үстеулер дефис арқылы жазылады. (Удвоенные наречия пишутся через
дефис) Мысалы: жоғары-төмен, өте-мөте, күні-түні, ертелі-кеш, өле-өлгенше т.б.
3. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үстеулер бөлек жазылады. (Наречия, образованные путем
сочетания слов, пишутся раздельно) Мысалы: бір күні, ала жаздай, құр әншейін, күн ұзаққа т.б.

Үстеудің сөйлемдегі қызметі (функция наречия в предложении)
1. Бастауыш: Атау септікте тұрып, бастауыш болады. (В именительном падеже является
подлежащим) Мысалы: Бүгін – мереке. Еріншектің ертеңі бітпес.
2. Баяндауыш: Жіктеліп келіп немесе заттанып, баяндауыш болады.
(Принимая личные окончания или субстантивируясь, является сказуемым)
Мысалы: Мен сенімен біргемін. Талапты бала – талпынған құстай.
3. Толықтауыш: Заттанып келіп, толықтауыш болады. (Субстантивируясь, может быть
дополнением) Мысалы: Естілер ертеңгіні ескере, көре сөйлейді.
4. Пысықтауыш: Қимылдың әр-түрлі белгісін білдіріп, пысықтауыш болады.
(Обозначая разные способы действия, являются объстоятельством)
Мысалы: Бүгін күн жылы. Ол тез оралды. Мен амалсыздан үйге кеттім.
5. Анықтауыш: Мөлшер үстеу зат есіммен, күшейткіш үстеу сын есіммен тіркесіп келіп, күрделі
анықтауыш болады. (Наречия количества и меры в сочетании с существительным,
а усилительные наречия в сочетании с прилагательным являются определением)
Мысалы: Мәжіліске ең қадірлі адамдар қатысты. Тым-ақ қиын іс болды.

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *