Үстеуге байланысты тест тапсырмалары № 3

Үстеуге байланысты тест тапсырмалары № 3
1. «Қалай қарай?» қай үстеудің сұрағы?
А) мақсат В) мезгіл С) мекен Д) қимыл-сын Е) мөлшер
2. Үстеуден жасалған етістікті табыңыз.
А) сылтаурат В) тездет С) жылтырат Д) қарайт Е) менменсін
3. Сөйлемде үстеу қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз.
«Кешегіні есіне алып, қысылып қалды».
А) анықтауыш В) толықтауыш С) пысықтауыш Д) бастауыш Е) баяндауыш
4. Бастауыш қызметіндегі үстеуді табыңыз.
А) Ол бүгін келді.
В) Ертеңінді ойлап әрекет жаса.
С) Ол кешелері ойын баласы еді.
Д) Жақсылықтың ерте-кеші жоқ.
Е) Ол кейінірек барады.
5. Күрделі үстеуден жасалған пысықтауышты табыңыз.
А) Ол таңсәріден бері демалған жоқ.
В) Жазда ауылға барамыз.
С) Кешкісін әкем қалаға кетті.
Д) Ол таңғы асқа әрең үлгерді.
Е) Ол амалсыздан үндемеді.
6. Біріккен үстеуді табыңыз.
А) қолма-қол В) қанненқаперсіз С) бүрсігүні Д) таңғысын Е) қасақана
7. Сын есіммен тіркесетін үстеу түрін табыңыз.
А) мекен В) мезгіл С) күшейткіш Д) қимыл-сын Е) мақсат
8. Қай үстеу асырмалы шырай жасауға қатысады.
А) мөлшер В) мезгіл С) мақсат Д) күшейткіш Е) себеп-салдар
9. Туынды үстеуді табыңыз.
А) шалқасынан В) ешқашан С) қалай қарай Д) біршама Е) әжептәуір
10. Туынды үстеудің жұрнағын табыңыз.
А) –дай В) –даған С) –ың Д) –ғыр Е) –лық

4 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *