Тесті географиямен ҰБТ часть 1

Құрлықтағы табиғат зоналарының аталуы негізінен қандай себепке байланысты?
А) өсімдік жамылғысының сипатына
В) географиялық орнына
С) құрлық пен судың бөлінуіне
D) жер бетінің сипатына
Е) батпақтардың болуына
Жазықтарда табиғат зонасының ауысуын қалай атайды?
А) биіктік зоналылық
В) ендік зоналылық
С) ландшафт
D) географиялық қабық
Е) антропогендік кешен
Таудағы табиғат зонасының ауысуын қалай атайды?
А) биіктік белдеу
В) ендік зоналылық
С) табиғат кешені
D) климаттық белдеу
Е) өсімдік бірлестігі
Қай мүйіс оңтүстікке аяу жатады?
А) Африканың оңтүстік мүйісі — Игольный
В) Австралияның оңтүстік мүйісі – Оңтүстік — Шығыс
С) Еуразияның оңтүстік — Пиай
D)  Оңтүстік Американың оңтүстік мүйісі — Фроуорд
Е) Үндістан түбегінің оңтүстік мүйісі — Кумари
Төменде қандай табиғат зонасы сипатталады?
Температурасы бірқалыпты, түнде 100-тан төмен түспейді. Жауын – шашын барлық айларда біркелкі түседі. Климатының қолайлылығына қарамастан тиімсіздігі мен қиындығы көп-ақ.
А) тундра
В) аралас орман
С) экваторлық орман
D) дала
Е) биіктік белдеу
Қай табиғат кешенінің топырағы өте құнарлы
А) дала
В) тундра
С) тайга
D) тропиктік орман
Е) шөлейт
Топырақ жамылғысын ластайтын негізгі себептер
А) өндірістік қалдықтар
В) қаладағы қоқыстар мен үйінділер
С) тыңайтқыштар мен улы химиялық радиактивті заттар
D)  құрылыс жұмыстары
Е) бау-бақша егісі
Адам денсаулығының ауытқуына әсер ететін себептер
А) су, топырақтың таза болуы
В) көлік желілерінің ығыздығы
С) зиянды өнеркәсіптің дамуы
D) ормандар мен бау-бақша
Е) барлығы да әсер етеді
Дүниежүзілік мұхит табиғат кешеніне жата ма?
А) жатады
В) жатпайды
С) тек оның жеке бөліктері жатады
D) тек ішкі теңіздері жатады
Е) аралдар тобы ғана жатады
Жер қабықтарының қайсысына басқа қабықтардың барлық бөліктері кіреді?
А) гидросфера
В) атмосфера
С) биосфера
D) литосфера
Е) тропосфера
Қай табиғат зонасының топырағы құнарлы болып келеді?
А) экваторлық орман
В) дала
С) шөл
D) тундра
Е) орманды тундра
«Комплекс» деген сөз латынша « ұштасу» деген мағынаны береді. «Жергілікті жердің табиғат комплексі» ғымы нені көрсетеді?
А) топырақ пен өсімдіктердің, жануар дүниесінің өзара байланысын
В) жергілікті жердің барлық табиғи компоненттерімен өзара байланысын
С) Климат ерекшелігі мен  жер бедерінің арасындағы өзара байланысын
D) жергілікті жердің табиғат компоненттері мен адам әрекетінің байланысын
Е) тау жыныстары мен жер бедерінің арасындағы байланысты
Қай табиғат зонасында ормандардың биіктігі тізеге дейін ғана келеді?
А) арктикалық шөлде
В) тропиктік орманда
С) тундрада
D) орманды тундрада
Е) саваннада
Жылдық сақннасы байқалмайтын ағаштар қай жерде өседі?
А) қоңыржай белдеудің орманында
В) тайгада
С) тундрада
D) экваторлық орманда
Е) орманды тундрада

Ява аралындағы вулкан шыңында 3 мың метр биіктікте өсетін гүлді жергілікті халық не себепті «өлім гүлі» деп атайды?
А) бұл гүл вулкан атқылау ошағының жақын екендігін көрсетеді
В) гүлдің құрамында улы заттар бар
С) гүл шоғырлары арасына улы жыландар шырматылып жатады
D) адамның денсаулығына зиян келтіреді
Е) барлық жауаптар дұрыс
Күн жылуының мөлшері мен ылғалылдың әркелкілігіне байланысты табиғат зоналарының ауысу заңдылығы қалай аталады?
А) ендік зоналылық
В) биіктік зоналылық
С) полярлық белдеу
D) азоналылық
Е) мұхиттық белдеу
Табиғат кешендерінің топырақ компоненттерін анықтаңыз
А) тау жынысы, температура, ылғал
В) топырақ, орман, жауын-шашын
С) тау жынысы, ылғал, топырақ, биологиялық компоненттер
D) батпақ, ау, өзен
Е) өсімдік, жануарлар
Географиялық зоналылық ілімінің негізін салған ғалым
А) Л. С. Берг
В) Г. Д. Рихтер
С) Н. Н. Пржевальский
D) В. В. Докучаев
Е) Б. Б. Полынов
Көлемі жағынан ең ірі табиғат зонасы
А) тайга
В) тундра
С) шөл
D) таулы зона
Е) дала
Арктикалық шөл зонасының басқа табиғат зоналарынан айырмашылығы
А) Жылдың барлық мезгілінде мұз бен қар жамылғысының тұрақты болуы
В) Геологиялық құрылысы жағынан
С) Қатаң климаттық жағдайы
D) Күшті желдердің жиі соғып тұруы
Е) Ешқандай айырмашылығы жоқ
Қандай табиғат зонасында климат батыстан шығысқа қарай өзгереді?
А) арктикалық шөлде
В) тундрада
С) тайгада
D) шөлде
Е) саваннада

Ауыспалы зонаны атаңыз
А) орман
В) шөл
С) орманды тундра
D) дала
Е) тропиктік
Тундра зонасының ландшафтысы қалай қалыптасқан?
А) жылудың жеіспеушілігі мен күшті желдердің болуы
В) өсімдіктердің алуан түрлілігі
С) плиталардың майысуы
D) жер бедерінің ерекшелігі
Е) жауын-шашынның түсуі
Солтүстік орман зоналарының өсімдік түрлері
А) мәңгі жасыл қылқан жапырақты ормандар
В) жалпақ жапырақты ормандар
С) бұталар
D) аралас орман
Е) барлық түрі кездеседі
Қай табиғат зонасында жыл мезгілдерінің ауысуы анық байқалмайды?
А) тундрада
В) дала зонасында
С) орманды тундрада
D) тайгада
Е) экваторлық орманда
Ең жақсы игерілген табиғат зонасы
А) орман
В) дала
С) тропиктік шөл
D) таулар
Е) шөлейт
Солтүстік жарты шардағы шөлдердің климат ерекшілігі
А) шұғыл континентті
В) қоңыржай
С) континентті
D) теңіздік
Е) тропиктік
Экваторлық орман зонасының топрыағы
А) Сұр топырақ
В) Күлгін топырақ
С) Глейлі топырақ
D) Ферралитті топыра
Е) Қызғылт топырақ

Ең ыстық және құрғақ шөл – Сахараның орналасқан белдеуі
А) экваторлық
В) тропиктік
С) Қоңыржай
D) субтропиктік
Е) материктің оңтүстігінде
Көрсетілген зоналардың қайсысы Солтүстік африканың көп жерін алып жатыр және өсімдік, жануар дүниесіне өте кедей?
А) Саванна
В) Экваторлық орман
С) Шөл
D) Тропиктік орман
Е) Биіктік белдеу

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *