Физика сабағынан тоғызыншы сыныпқа арналған тест + жауаптар (с ответами)

Физика сабағынан тоғызыншы сыныпқа арналған тест + жауаптар (с ответами). Примерно 1 000 вопросов с ответами для подготовки к ЕНТ 2014. Тесты можно использовать как методическое и проверочное пособие для обучения школьников по программе с 5-11 классы
Физика сабағынан тоғызыншы сыныпқа арналған тест

Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы
A) 40 км/сағ
B) 60 км/сағ
C) 50 км/сағ
D) 42 км/сағ
E) 45км/сағ
Дұрыс жауап: C

Материалдық нүкте радиусы 2 м шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалғанда, айналымның бөлігінде жүретін жолы мен орны ауыстыруы
A)  м, 2 м
B) 2 м, 2 м
C) 2 м, 4 м
D)  м, 2 м
E)  м, 2 м
Дұрыс жауап: A

Екі автомобиль бензоколонкадан қарама-қарсы жаққа қозғалды: біріншісінің жылдамдығы 60 км/сағ, екіншісінікі — 90 км/сағ Қозғалыс басталғаннан кейін 30 минуттан кейін олардың ара қашықтығы
A) 85км
B) 70 км
C) 90 км
D) 80 км
E) 75 км
Дұрыс жауап: E

Автомобиль жолдың түзу сызықты бөлігінде тежеледі. Үдеу векторының бағыты
A) вертикаль төмен.
B) қозғалысқа қарсы.
C) жылдамдыққа перпендикуляр.
D) қозғалыспен бағыттас.
E) вертикаль жоғары.
Дұрыс жауап: B

Орнынан қозғалған автомобиль 6 с ішінде жылдамдығын 36 м/с-ке жеткізді. Автомобильдің үдеуі
A) 5 м/с2
B) 36 м/с2
C) 6 м/с2
D) 0,1 м/с2
E) 2 м/с2
Дұрыс жауап: C

Дене ОХ осіне қарама-қарсы 36 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы координатасы 20 м. Дененің 4 с-тан кейінгі координатасы және осы уақытта жүрген жолы
A) 20 м, 40 м
B) 60 м, 40 м
C) -60 м, 30 м
D) -20 м, 40 м
E) 40 м, 40 м
Дұрыс жауап: A

Массасы 10 кг денені 8 м/с2 үдеумен жоғары көтеру үшін қажет күш
(g = 10 м/с2)
A) 180 Н
B) 80 Н
C) 100 Н
D) 20 Н
E) 8 Н
Дұрыс жауап: A

Еркін түскен дененің 6 с-тан кейінгі жылдамдығы (g = 10 м/с2)
A) 3 м/с
B) 60 м/с
C) 45 м/с
D) 15 м/с
E) 30 м/с
Дұрыс жауап: B

Динамометр Жер полюсінде 10 Н күш көрсетіп тұр. Жер бетінен Жер радиусындай биіктікте орналасса, оның көрсетуі
A) 10 Н
B) 2,5 Н
C) 5 Н
D) 20 Н
E) 15 Н
Дұрыс жауап: B

3 голоса

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *