магистратура в Казахстане

магистратура в Казахстане тесты для подготовки, тесты для заочно магистратура в Казахстане

ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Кәсіби сөздердің қатарын анықтаңыз.
A) Шиіт, шербек.
B) Тұқым, құдағай.
C) Білім, тәрбие.
D) Күпі, кебеже.
E) Антоним, егемен.
2. Тек жіңішке дауыстылардан тұратын қатарды табыңыз.
A) Кәсіпкер, өндіріс.
B) Диқаншы, әсемпаз.
C) Жауапты, салмақты.
D) Қабілет, дарынды.
E) Термин, ағылшын.
3. Бірыңғай бітеу буынды сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ділмардан сөз қалмас.
B) Нұржан досымен сырласты.
C) Көктем жай келді.
D) Маржан жұмысқа кірісті.
E) Сөзі неткен ірі еді!
4. Дара сөзді табыңыз.
A) Тасбақа.
B) Сағыныш.
C) Айнамкөз.
D) Әлдекім.
E) Нұрғожа.
5. Еліктеуіш сөзден жасалынған зат есімді анықтаңыз.
A) Жылтың.
B) Гүріл.
C) Гүлді.
D) Бұрқыра.
E) Үлбіре.
6. Лепті сөйлемді белгілеңіз.
A) Сен жоғарыда тұрсың, жол сенікі, қасиетіңді көрсет
B) Қарқынымыз катты, қайда барар екенбіз
C) Неткен сұлу, сүйкімді құстар еді
D) Сүріну де, күйіну де аз болмайды
E) Осы алуандас сұрақ көңілден шықпай қойды
7. «Ақыл тоқтатқан» тіркесінің баламасын табыңыз.
A) Ақылды.
B) Есейген.
C) Білімді.
D) Әдепті.
E) Өнерлі.
8. Кіріге біріккен сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ақбозат, Темірқазық – аспан жұлдыздары.
B) – Егер ол күнәмді кешсеңіз, таңдағаным осы Алтыншаш болсын, қиыңыз маған, — деп орнынан түрегелді.
C) Көкшетау кейде қарлы, кейде қарсыз.
D) «Ақын арманы» – Торайғыров туралы жазылған көркем шығарма.
E) Қаптесер – дала тышқанының бір түрі.
9. Дұрыс жазылған сөзді анықтаңыз.
A) Әуезовтың.
B) Томскіден.
C) Парктан.
D) Циркулге.
E) Педагогтар.
10. «Ең көркем әйел» тіркесіндегі шырай түрін анықтаңыз.
A) Салыстырмалы.
B) Негізгі.
C) Қатыстық.
D) Күшейтпелі.
E) Сапалық

1 голос

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *