Алаш басылымы

Алаш басылымы. “Алаш” — демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1916 ж. 25 қарашада Семей қаласында ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен бірінші саны жарық көрген. Революция қарсаңындағы Ресейдің ішкі-сыртқы жағдайынан хабардар етуді мақсат еткен, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған. Оған қазақ зиялылары Н.Құлжанова,

Ғ.Жанайдарова, Х.Ғаббасов, Ж.Ақбаев, Н.Құлжанов, М.Әуезов, С.Торайғыров т.б. белсене ат салысқан. “Алаш жолында” деген ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің мақаласында: “Бүгінгідей екіталай ауыр кезеңде қымбатшылық пен жоқшылыққа қарамай жалғызым деп “Қазаққа” (газет) ғана телміріп қалған кезде, соған серік болуды мақсат етіп, “Алашты” шығарып отырмыз” дейді. Газетте Ресей Думасына қатысу, ішкі, сыртқы саясат, қазақ шаруасының тіршілігі, оқу-ағарту ісі, қыз-келіншектер тұрмысы тақырыбы қамтылған; әдеби-көркем шығармалар да үнемі жариялаған. 50 шақты санынан кейін қаржы тапшылығына байланысты “А.” 1917 ж. мамырда жабылып қалды

0 голосов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *